«AMANAT» партиясының қолдауымен Жамбыл ауданындағы Саурық батыр ауылында балалар ойын алаңы мен воркаут аймағы ашылды. Бұған дейін бұл елді мекенде балаларға арналған арнайы алаң болмаған.
Әлеуметтік нысан Алматы облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Рүстем Өтембаевтың жеке қаражаты есебінен салынды. Жобаның жалпы құны – 17 млн теңге.
Алаңда балаларға арналған ойын құрылғылары, қауіпсіз демалыс аймағы және жасөспірімдерге арналған воркаут жабдықтары орнатылған. Саурық батыр ауылында бұған дейін балалардың бос уақытын өткізетін арнайы орын болмаған. Сондықтан жаңа нысан ауыл тұрғындары үшін көптен күткен әлеуметтік жобаға айналды.