18+

Қала көшелері жарықтана түсті: Қонаевта жаңа шамдар орнатылды

Қонаев қаласында көше жарығын жаңғырту жұмыстары жоспарлы түрде жалғасып жатыр. Бұл жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін арттырып, қала көшелерін заманауи жарықтандыру жүйесімен қамтамасыз етуге бағытталған.

Мамыр айынан бастап Сейфуллин шағын ауданындағы №2, 3, 5, 11, 15 және 20 тұрғын үйлердің аулаларында, сондай-ақ Ивушка және Лесозавод көшелерінде жаңа жарықтандыру желілері орнатылды.

Жоба аясында барлығы 75 жарық бағанасы қойылып, 200-ден астам көше шамы іске қосылды. Соның нәтижесінде аталған аумақтардың жарықтандырылу деңгейі айтарлықтай жақсарып, тұрғындар мен жаяу жүргіншілердің кешкі уақытта қауіпсіз қозғалуына қолайлы жағдай жасалды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, көше жарығын жаңғырту жұмыстары алдағы кезеңде де жалғасады. Келесі кезекте жаңа жарықтандыру жүйесі Спутник шағын ауданында орнатылатын болады.