Қонаев қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Қауіпсіз жағалау» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіхановтың тапсырмасымен ұйымдастырылған шараның мақсаты – судағы жазатайым оқиғалардың алдын алып, демалыс орындарында қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
Іс-шараның алғашқы күні арнайы құрылған жұмыс тобы Алматы демалыс аймағы мен Солтүстік жағалаудағы демалыс орындарын аралап, қауіпсіздік талаптарының сақталуын зерделеді. Мониторингке құқық қорғау органдарының, төтенше жағдайлар қызметінің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.