Құрылтай сайлауы өтіп жатқан күні Қонаев қаласында республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында мектеп тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Игі бастама жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналарға қолдау көрсетіп, балаларды оқу жылына қажетті заттармен қамтамасыз етуге бағытталды.
Жәрмеңкеде қала тұрғындары оқушыларға арналған қажетті тауарларды бір жерден алып, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын ыңғайлы әрі қолжетімді бағамен жүргізуге мүмкіндік алды.
Іс-шара барысында мектеп формасы, кеңсе тауарлары, оқушы сөмкелері, оқу құралдары және оқу жылына қажетті басқа да тауарлар ұсынылды. Сауда орындарында оқушылардың жас ерекшелігі мен қажеттілігіне сай түрлі өнімдер қойылды.