Жапонияда ХХ жазғы Азия ойындарының жарыстары жалғасуда.
Бүгін қазақстандық спортшылар стенд атудың "трап" дисциплинасы бойынша ерлер арасындағы командалық сайыста жүлдеге ие болды.
Қазақстан құрамасы сапында Данияр Почивалов, Алишер Айсалбаев және Марк Почивалов өнер көрсетті. Біліктілік кезеңінің қорытындысы бойынша қазақстандық команда 348 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.
- 1-орын — Кувейт — 355 ұпай
- 2-орын — Катар — 349 ұпай
- 3-орын — Қазақстан — 348 ұпай
Қола жүлдегерлердің бірі — Алматы облысының өкілі Данияр Почивалов. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері «трап» дисциплинасына маманданған және әлемдік аренада өнер көрсету тәжірибесі мол.
22 жастағы спортшы — 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, ұлттық жарыстар мен ірі халықаралық додалардың жеңімпазы әрі жүлдегері.