• Главная
  • Қонаевта "QAISAR" әскери-патриоттық турнирінің іріктеу ойындары өтті
Конаев
20:03, 22 апреля 2023 г.
Надежный источник

Қонаевта "QAISAR" әскери-патриоттық турнирінің іріктеу ойындары өтті

Конаев

Жоғары сыныптың 100 жуық оқушысы "Qaisar" әскери-патриоттық жобасына қатысуда.

"AMANAT" жастар қанаты ұйымдастырған "QAISAR" әскери-патриоттық ойынының іріктеу кезеңіне 10 және 11-сыныптардың 90-нан астам оқушысы қатысты. Нағыз әскери өмірдің қыр-сыры, жүгіру мен кедергілер жолағы жарыстары, "Менің елім - Қазақстан" тақырыбындағы викторина – аумақтың барлық жоғары сынып оқушылары "Qaisar"-дың финалына шығу үшін сайысты. Жарыс 58012 әскери бөлімшесінде Алматы облысы білім басқармасының қолдауымен өтті.

Қонаевта "QAISAR" әскери-патриоттық турнирінің  іріктеу ойындары өтті, фото-1

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру.

"Партиялық жобасының негізгі мақсаты – жастардың бойында қазақстандық патриотизмді дамыту. Бүгін әр мектептен 10-нан аса команда қатысты. Жарыстың жалпы жүлде қоры: 1 орын – 120 000 теңге, 2 орын – 60 000теңге, 3 орын – 30 000 теңгені құрады", – деп атап өтті "AMANAT" жастар қанатының төрағасы Әсел Заирова.

Айта кетейік, биыл 3-6 мамыр күндері Астана қаласында Республикалық финалдық кезең өтеді. Оған Алматы облысынан 6 финалист қатысады. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Қонаевта "QAISAR" әскери-патриоттық турнирінің  іріктеу ойындары өтті, фото-2
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Конаевский гарнизон #Военно-патриотический проект "Кайсар" #Молодежное крыло "Amanat" #Конаев

Комментарии

live comments feed...