
ДУИС
23:48, 29 декабря 2023 г.
Надежный источник
Балалар колониясында Жаңа жылдық шара өтті
ДУИС

Фото: ДУИС
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №11 мекемесінде жазасын өтеп жүрген кәмелетке толмаған сотталғандар арасында Жаңа жыл мерекесі атап өтілді.
Мерекелік шараға балаларға дайындаған таңғажайып нөмірлерге толы бағдарламасымен цирк әртістері шақыртылды. Шағын қойылымдар пластикалық этюд, фокустармен, маймыл және жыланмен бірге қойылған көріністерге толы болды. Қойылым арасында қызықты ойындар ойнатылып, флешмоб билері өтті.
Сонымен қатар, Алматы қаласының Жетісу ауданы әкімінің орынбасары мен прокуроры, Алматы қалалық адвокаттар алқасының және ҚР Қызыл жарты ай қоғамдық қорының өкілдері балаларды құттықтау үшін арнайы келді. Қонақтар өз ұйымдарының атынан балаларға жаңа жылдық тәтті сыйлықтар, жемістер, үстел ойындары мен кітаптарды тарту етті.

"Биылғы Жаңа жыл шыршасы өте ерекше және әсерлі өтті. Өте көп сыйлықтар берді бізге. Біздің мекеме басшылығына және келген қонақтарға алғысымыз шексіз. Осындай сәттерде, осы қоғам бөлшегі екенімізді сезініп, әлі де Еліміздің дамуына таза еңбегімізбен үлес қосатынымызға сеніміміз артады",- деп атап өтті жазасын өтеуші жасөспірім.
Іс-шара, Қылмыстық-атқару мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған жол картасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
В Казахстане стартовала "Неделя казахстанской анимации"
Новости компаний
12:09
Вчера
Город в ритме джаза: в Алматы пройдет масштабный международный фестиваль джазовой музыки
Новости компаний
12:31
24 марта
12:05
24 марта
15:53
23 марта
13:49
23 марта
13:28
23 марта
ИИ на рельсах: КТЖ и Huawei запускают технологическую трансформацию
Новости компаний
12:49
23 марта
12:16
23 марта
ТОП новости
Объявления
06:35, 18 марта
Комментарии