
Экоакция
16:55, Сегодня
Надежный источник
Алматы облысында 40 мыңнан астам адам ауқымды сенбілікке қатысты
Экоакция

Алматы облысында Дүниежүзілік тазалық күніне орай ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Экологиялық шараға өңірдің 40 мыңнан астам тұрғыны, еріктілер мен жастар қатысты.
Сенбілік барысында саябақтар, аулалар мен қоғамдық аумақтар қоқыстан тазартылды. Қонаев қаласында 200 түп алма ағашының көшеті отырғызылды.
Іс-шараға қатысқан Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов тазалық сақтау әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтіп, тұрғындарды «Таза Қазақстан» бастамасына белсенді атсалысуға шақырды.

Бүгінде облыста экологиялық акция аясындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Осы жолғы сенбілік кезінде 2230 тонна қалдық шығарылып, 762 гектар аумақ тазартылды. Жұмысқа 400-ден астам арнайы техника тартылды.
«Тазалық жұмыстары 31 апта бойы үздіксіз жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде оған 730 мыңға жуық адам қатысып, 10 мың гектарға жуық аумақ тазартылды. Сонымен қатар 104 081 түп ағаш отырғызылып, іс-шараларға 4200-ден астам техника жұмылдырылды», – деді Алматы облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының өкілі Алина Түсіпбаева.

Сенбілікке қатысушылар елді мекендердің тазалығы мен көркеюі тұрғындардың белсенділігіне тікелей байланысты екенін атап өтті.
«Осындай игі шара өтетінін естігенде қуана келдік. Қазір қаламыз қарқынды көркейіп келеді. Бүгін отырғызылған ағаштар жайқалып өсіп, бұл жер балалардың шат күлкісіне толатын, немерелеріміз еркін ойнайтын орынға айналса екен дейміз. Бүгінгі шара жұдырықтай жұмылған бірлігімізді көрсетті», – деді облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің мүшесі Шахит Лабазанов.
2026–2030 жылдарға арналған жоспарға сәйкес, Алматы облысында жыл сайын шамамен 220 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Спецтема
Спецтема
"Таза Қазақстан" — это республиканская экологическая акция в Казахстане, направленная на улучшение экологической ситуации, повышение экологической культуры граждан и формирование ответственного отношения к окружающей среде
Последние новости
17:21
15:40
Вчера
"Шин-Лайн" и Lotte Global Logistics запускают совместный логистический проект в Казахстане
Новости компаний
08:55
Вчера
08:28
Вчера
ТОП новости
Объявления
13:58, 10 сентября
11:20, 10 сентября
Комментарии