
Аким г.Конаев
17:00, 31 декабря 2023 г.
Надежный источник
Нұрлан Құматаев жасы 100-ден асқан кейуаналарды мерекемен құттықтады
Аким г.Конаев
Бүгін елімізде Жаңа жыл мерекесі тойланып жатыр. Айтулы күнге орай, Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев жасы 100-ден асқан кейуаналарымызды құттықтап, сый-сияпаттар табыс етті.
Суреттегі әжейдің бірі - Мұқсына Қалдыбаева. Ол биыл 104 жасты алқымдаса да, қарт ана ширақ, тік жүріп, жақсы естіп, нық сөйлейді. Алтын құрсақты анамыз қазірде 10 баласынан 20-дан аса немере, 10-ға жуық шөбере сүйіп отыр. Әжей де шаһар басшысына ақ тілегін арнап, ел амандығын тіледі.

Ал Оксана Бетебаева биыл 103-ке келген. Ұлы Отан соғысында, қан майданда шайқасқан әже ел ертеңінен үміт күтеді, тәуелсіздіктің тұғырлы болғанын қалайды. Ол арнайы құттықтап, үйіне ат басын бұрған Нұрлан Құматаевқа алғысын білдіріп, батасын берді.

Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
23:04
Нацбанк Казахстана выпускает памятную банкноту ко Дню Победы
Новости компаний
22:13
В летний сезон введены дополнительные железнодорожные рейсы по популярным направлениям
Новости компаний
16:43
ТОП новости
Спецтема
Объявления
14:00, 7 мая
live comments feed...
Комментарии