
Конаев
16:36, 26 января 2024 г.
Надежный источник
Қонаевта оңтүстік айналма көпір жолы күрделі жөндеуден өтеді
Конаев

Жақында Қонаевтағы оңтүстік айналма жолын күрдел жөндеуден өткізу жұмыстары басталады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бүгін шаһар басшысы Нұрлан Құматаев мердігер компания өкілдерімен және коммуналдық қызмет көрсетуші жауапты мамандармен көшпелі жиын өткізді. Әкімнің сөзінше, қажетті тексерулерден кейін көпір жолында жүк тасымалдау мен қауіпсіздікке ықпал ететін бүлінулер анықталған.
"Біз үшін ең маңыздысы – адамдардың қауіпсіздігі. Қазір жолды бір-бірімен жалғастырушы жерде (стык) шұңқырлар пайда болған. Бұл – жол апатына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар аталған жол қалаға кіреберіс басты жолдардың бірі болғандықтан, көпірді толығымен жаппаймыз. Егер жауып тастасақ, көлік жүргізушілеріне ары-бері қатынау қиынға соғады. Көпір салудың барлық технологияларын сақтай отырып, жолды аз уақыт ішінде күрделі жөндеуден өткізу қажет", – деді Нұрлан Құматаев.
Өз кезегінде мердігер компани өкілі жұмысты бастауға дайын екенін жеткізді.
"Бұл көпір өткен ғасырдың 80 жылдары салынған. Ол кездегі құрылыс технологиясына сәйкес, жолды бір-бірімен жалғастырушы жеріне жылына екі рет жөндеу жасалатын. Жалпақ тілмен айтқанда, көпірде қозғалыс көп, ал жолды тастай қып бекітіп тастаған. Біз жөндеуді еуропалық тәсілмен жасамақпыз. Құрылыс жұмыстары 1 айға созылады, себебі, жолдың бір бағыты ашық болады. Ең бастысы, біз 5 жылға кепілдік береміз. Сол уақыт ішінде бюджетке еш шығын болмайды. Сондай-ақ біздің серіктестік ҮАААЖ (БАКАД) пен Алматыдағы бірнеше айналма жолдың көпірін жасаған", - деді құрылыс компаниясының директоры Жанат Есмұханов.
Әкімдіктің хабарлауынша, жол жөндеу 26 қаңтардан басталды. Мамандар дүйсенбі күні жолдың бір бағытын ашамыз деп отыр.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Новая модель образования: как будут развиваться "Келешек мектептері"
Келешек мектептері
16:57
Вчера
21:35
28 марта
18:32
28 марта
12:38
28 марта
11:48
28 марта
Служба завершена: школа мужества, стойкости и воинского братства пройдена
Конаевский гарнизон
11:36
28 марта
Весенний призыв граждан на срочную воинскую службу
Весенний призыв
13:03
27 марта
12:09
27 марта
ТОП новости
Объявления
06:35, 18 марта
Комментарии