• Главная
  • Алматы облысында инвестор заңсыз тексеруге ұшырады
Прокуратура
10:34, 6 февраля
Надежный источник

Алматы облысында инвестор заңсыз тексеруге ұшырады

Прокуратура

Алматы облысы прокуратурасымен "СТК Sokol" ЖШС инвесторына қатысты бақылаушы орган тарапынан заңсыз тексеру және шектеу шараларын қолдану дерегінің жолы кесілді.

Бүгінгі таңда инвестормен спорт-техникалық саланы дамытуға бағытталған жобаға 20 млрд теңгеден астам қаржы салынған.

Кәсіпкерлік кодекстің талаптарын бұза отырып, Алматы облысының Жер ресурстарын басқару Департаментінің қызметкеріменқұқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тексеруді тағайындау туралы акті тіркелмей ЖШС қызметінде тексеру жүргізілген.

Тексеру қорытындысы бойынша ауданы 100 га жер учаскесіне ауыртпалық салынған.

Қадағалау актісі бойынша тексеру заңсыз деп танылып, жер учаскесіне салынған шектеу сипатындағы ауыртпалық алынып тасталды.

Облыс прокуратурасының қаулысымен заңсыз тексеруді жүзеге асырған қызметкер ҚР ӘҚБтК-нің 175-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу).

Бизнес пен инвесторлардың құқытары мен заңды мүдделерін қорғау жұмыстары жалғасуда және облыс прокуратурасының ерекше бақылауында.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Прокуратура #Алматинская область #Инвестор #СТК Sokol

Комментарии

Объявления
live comments feed...