• Главная
  • Алматы облысында "Қарызсыз қоғам" жобасы аясында 9 мыңға жуық адам тегін қаржылық сауатын арттырмақ
AMANAT
11:37, 6 февраля
Надежный источник

Алматы облысында "Қарызсыз қоғам" жобасы аясында 9 мыңға жуық адам тегін қаржылық сауатын арттырмақ

AMANAT

Бұл туралы облыстық "AMANAT" партиясы филиалының төраға орынбасары Аслан Кубентаев мәлімдеді.

"Биыл өңірде "Қарызсыз қоғам" жобасының кезекті оқыту кезеңі басталды. Жыл соңына дейін 8 500 азаматтың қаржылық сауатын арттыру жоспарланған. Қазіргі уақытта Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар, Жамбыл, Іле және Ұйғыр ауданында оқу курстары басталып кетті. Бір ғана Еңбекшіқазақ ауданынан 1 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Өткен жылы осы жоба аясында 8 мыңнан астам өңір тұрғыны қаражатын тиімді басқаруды және шығындарды оңтайландыруды үйренді", – дейді Аслан Кубентаев.

Алматы облысында "Қарызсыз қоғам" жобасы аясында 9 мыңға жуық адам тегін қаржылық сауатын арттырмақ, фото-1

Ал Алматы облысы бойынша "Қарызсыз қоғам" жобасының жетекшісі, ментор Айгүл Жайлыбаеваның айтуынша, ауыл азаматтары қаражатты үнемді әрі тиімді жұмсауды бірте-бірте үйреніп келеді. Курс қатысушылары кіріс-шығысты есептей білуді, қаржыны ұтымды жоспарлауды, дұрыс мақсат қою жайлы пайдалы мәліметтер алады.

"Тұрғындар қаражатты тиімді жұмсауды үйреніп жатыр. Осы мақсатта қатысушыларға түрлі дәріс өтіп, үй тапсырмасын береміз. Сондай-ақ, өз кәсібін бастағысы келетіндерге, табыс табудың түрлі жолдарын көрсететін пайдалы мәліметтермен бөлісеміз. Сарапшылар кіріс-шығысты есептей білуді, қаржыны ұтымды жоспарлауды үйретеді", – дейді ментор.

Алматы облысында "Қарызсыз қоғам" жобасы аясында 9 мыңға жуық адам тегін қаржылық сауатын арттырмақ, фото-2

Оның айтуынша, оқу бес күнге сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін созылады. Курстарды қаржылық-экономикалық білімі бар және аудиториямен байланыста бола алатын сарапшылар жүргізеді. Сондай-ақ борышкерлерге тегін заң көмегін көрсету жоспарланған.

"Барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Ол үшін "AMANAT" партиясының филиалдарына немесе қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне жүгіну қажет. Біздің міндетіміз мүмкіндігінше несие бойынша үлкен қарызы бар адамдарды көбірек қамту. Олар несиелерді мерзімінен бұрын өтеуді, инвестициялауды, қаржы пирамидаларын және интернет-алаяқтықты ажырата білуді үйренеді", – дейді Айгүл Жайлыбаева.

Айта кету керек, "Қарызсыз қоғам" − халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған "AMANAT" партиясы мен Halyk Bank-тің бірлескен бастамасы. Аталған жобада несие бойынша берешегі бар және борышкерлер тізімінде тұрған ауыл тұрғындары, қарызы бар және оның мерзімін өткізіп алған азаматтар, мемлекеттен жеңілдікпен несие алуға үміткер кәсіпкерлер оқудан өте алады.

Бұған дейін жобаның алғашқы оқыту курсы 2 мамырда басталып, өңірдегі 9 аудан мен Қонаев қаласында жүзеге асырылды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#AMANAT #Алматинская область #Финансовая грамотность

Комментарии

Объявления
live comments feed...