• Главная
  • Ауған соғысының ардагерлері 62064 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізді
Конаевский гарнизон
16:53, 12 февраля
Надежный источник

Ауған соғысының ардагерлері 62064 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізді

Конаевский гарнизон

2024 жылдың 15 ақпан күні Кеңес әскері шектеулі контингентінің ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толады.

Осы айтулы күн қарсаңында 12 ақпан күні мемлекеттік-құқықтық даярлық жүйесінде 62064 әскери бөлімінің жеке құрамы ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді.

Ауған соғысының ардагерлері 62064 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізді, фото-1

Кездесуге Алматы облыстық ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы, Қонаев қаласының "Құрметті азаматы" Қанат Молдабергенов және Қонаев қалалық ауған соғыс ардагерлері ұйымы төрағасының орынбасары, қалалық мешіт имамы, "Айбын" орденінің иегері, Қонаев қаласының "Құрметті азаматы" Алдажар Сейітұлы қатысты.

Ауған соғысының ардагерлері 62064 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізді, фото-2

Кездесу ауған жерінде қаза тапқан боздақтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алумен басталды. Жеке құрамға қонақтарды таныстырып өткеннен кейін, ауған соғысы жайында бейнеролик көрсетілді. Келесі кезекте ардагерлер сұрапыл соғыс барысында басынан кешкендері туралы отансүйгіштік рухта әңгімелеп, сарбаздардың сұрақтарына жауап берді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Конаевский гарнизон #Военнослужащие #Армия #Ветераны Афганской войны

Комментарии

Объявления
live comments feed...