
ДУИС
20:50, 14 февраля 2024 г.
Надежный источник
Алматының ҚАЖ Департаменті кәсіби бағдар беру жұмыстарын белсенді жүргізуде
ДУИС

Фото: пресс-служба ДУИС
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлері, Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттарымен бірлесіп, оқушылар арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Академия курсанттары Темірлан Әліпбаев пен Елдар Рахышбай ҚАЖД қызметкерлерімен бірге Алматы қаласының №142 және №198 мектептерінің оқушыларына жоғары оқу орнына түсу шарттарын түсіндіріп, оқу үдерісімен бөлісті.

Сонымен қатар, Қостанай академиясы туралы бейнеролик көрсетіліп, қызығушылық танытқан оқушыларға арнайы брошюралар табысталды.
"Мұндай іс-шараларды кадр қызметі тұрақты негізде өткізеді. Сондай - ақ, оқушыларға ел намысын және ұлт мәртебесін көтеретін мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігі жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі", - деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Руслан Габибов.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
23:04
Вчера
Нацбанк Казахстана выпускает памятную банкноту ко Дню Победы
Новости компаний
22:13
Вчера
21:37
Вчера
21:15
Вчера
В летний сезон введены дополнительные железнодорожные рейсы по популярным направлениям
Новости компаний
16:43
Вчера
15:48
Вчера
В Алматинской области обсудили приоритеты финансирования и нововведения в сфере здравоохранения на 2025 год
Здравоохранение
15:27
Вчера
ТОП новости
Спецтема
Объявления
14:00, 7 мая
12:58, 5 мая
live comments feed...
Комментарии