• Главная
  • ҚАЖД басшысы мекемелерде сотталғандарды жеке қабылдады
ДУИС
22:27, 27 февраля
Надежный источник

ҚАЖД басшысы мекемелерде сотталғандарды жеке қабылдады

ДУИС
ҚАЖД басшысы мекемелерде сотталғандарды жеке қабылдады, фото-1

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков №12 және №14 мекемелеріне барып, сотталғандарды жеке өзі қабылдады.

Пенитенциарлық мекемелерге жұмыс сапарымен ҚАЖД басшысымен бірге оның орынбасарлары Қанат Ашов пен Ерлан Ұзақов келді.

Жеке қабылдау барысында Департамент бастығы сотталғандардың өтініштерін тыңдады. Сұрақтар негізінен, медициналық қызмет көрсету, мүгедектікті ресімдеу, жұмысқа орналасу және тамақтану нормаларына қатысты болды.

Барлық өтініштер бойынша құқықтық сипаттағы толық түсініктемелер, жауаптар мен ұсынымдар берілді. Проблемалық мәселелерді қарау кезінде белгілі бір шешімдер қабылданып, мекеме әкімшілігіне міндеттер қойылды.

Қойылған сауалдарына жауап алғаннан кейін, сотталғандар ҚАЖД басшысына жеке қабылдағаны үшін алғыс айтты.

Жұмыс сапарының нәтижелері бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, орындалатын міндеттер мен ерекшеліктерді ескере отырып, Департаменттің мекемелері мен бөлімдері үшін ұсынымдар әзірленді.

Сонымен қатар, Департамент басшылығы мекемелердің жасақтарын аралап, сотталғандармен сұхбаттасты.

ҚАЖД басшысы мекемелерде сотталғандарды жеке қабылдады, фото-2

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде біз сотталғандарды жеке қабылдау барысында сапалы түсіндіру ақпаратын беру үшін барлық қажетті шараларды жүргізіп жатырмыз. Бұдан басқа, азаматтарды қабылдау бойынша жұмыстарда күшейтілді, бұл мемлекеттік органдар мен халықтың арасында сенім қатынастарын нығайтудың тиімді әдістерінің бірі болып табылады.

Сонымен қатар, Департаментте азаматтардың өтініштерін жедел қарау үшін құрылған "Whatsapp байланыс-орталығы" жұмыс істейді",- деп атап өтті ҚАЖД бастығы Қайрат Дәлбеков.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша 9 мекеме мен күзет бөлімі жұмыс істеуде.

Мұндай іс-шара әр сәрсенбі сайын тұрақты негізде өткізіледі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...