• Главная
  • Алматылық ҚАЖ қызметкерлері қаза болған әріптесінің құрметіне волейболдан турнир өткізді
ДУИС
20:08, 28 февраля
Надежный источник

Алматылық ҚАЖ қызметкерлері қаза болған әріптесінің құрметіне волейболдан турнир өткізді

ДУИС

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №71 мекеменің ұйымдастыруымен және Департаменттің кадр бөлімінің қолдауымен қаңтар оқиғалары кезінде ерлікпен қаза тапқан №71 мекемесінің қызметкері Ербол Ержановты еске алуға волейболдан турнир өткізілді.

Салтанатты шара бір минут үнсіздікпен басталды.

Турнирге ведомстволық бағынысты мекемелермен ҚАЖ Департамент командалары қатысты.

Іс-шараның қадірлі қонақтары қатарында, қаза болған қызметкердің әкесі Іңкербаев Тілеубек, жұбайы және қызы, сонымен қатар ҚАЖ ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерғали Сағалбаев және Департамент басшылығы болды.

"Біздің ҚАЖ мекемелерінде алдыңғы қатардан көрініп жүрген, өз өмірлерін жиі қауіп-қатерге тігетін әріптестеріміздің тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі өлшеусіз. Қызметтік борышын атқару барысында қаза тапқан әріптестерімізді еске алу және құрметтеу – біздің қасиетті борышымыз. Сонымен қатар, бұндай іс-шаралар қызметкерлерді салауатты өмір салтына ынталандырып, дене шынықтыру мен спортты дамытудың жақсы үлгісі болып табылады", - деп атап өтті ҚАЖД бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков.

Алматылық ҚАЖ қызметкерлері қаза болған әріптесінің құрметіне волейболдан турнир өткізді, фото-1

Волейболдан өткен турнирде жеңіске Департамент командасы жетті. Екінші орынды күзет бөлімі иеленсе, үшінші орынды №72 мекеме командасы алды.

"ҚАЖ Департаментінің басшылығы ауысып жатса да, ерлікпен қаза болған әріптестерін ұмытпай, бізді де елеп-ескеріп жатқандарына қатты қуанып, алғыс айтамыз. Бүгінгі сайыс өте әсерлі болды",- деп бөлісті, әділет прапорщигі Ербол Ержановтың әкесі.

Жеңіске жеткен команда қызметкерлеріне кубоктар, грамоталар, медальдар және сыйлықтар табыс етілді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...