
11:24, Сегодня
Надежный источник
Қонаевта көпір астындағы қараусыз аумақ демалыс орнына айналады

Қонаев қаласында теміржол көпірінің астындағы аумақ тұрғындардың серуендеп, демалуына қолайлы қоғамдық кеңістікке айналмақ, деп хабарлайды Qonaev-gorod Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сейфуллин көшесінде орналасқан бұл аумақ "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында абаттандырылып жатыр.
Аталған жер қаладағы жаяу жүргіншілер жиі пайдаланатын бағыттардың бірі. Күн сайын мұнда 200–300 адам өтеді. Бұған дейін аумақта қоқыс жиналып, айналасы ретсіз күйде болған. Енді мұнда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған жайлы орта қалыптастыру көзделген.

Құрылыс жұмыстарының барысымен Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов танысты. Жоба аясында жаяу жүргіншілер жолдарына заманауи жабын төселіп, орындықтар, қоқыс жәшіктері мен шағын сәулеттік нысандар орнатылады. Сонымен қатар аумаққа жарық тартылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.
Жобаның ерекшелігі – үй жануарларымен серуендеуге де жағдай жасалмақ. Осы мақсатта иттерді қауіпсіз серуендетуге арналған қоршалған арнайы алаң салынуда. Онда жануарларды жаттықтыруға арналған кедергілер, төбешіктер және басқа да арнайы құрылғылар орнатылады. Сондай-ақ алаңды пайдалану ережелері жазылған ақпараттық тақтайшалар қойылады.

Жоба бойынша көпір астындағы серуендеу аймағының ауданы 2 352 шаршы метрді, ал иттерді серуендетуге арналған алаңның ауданы 752 шаршы метрді құрайды. Абаттандырылатын аумақтың жалпы көлемі – 3 104 шаршы метр.
Айта кетейік, биыл "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында Қонаев қаласында 16 аумақ абаттандырылып жатыр. Оның ішінде аулаларда балалар және спорт алаңдарын салу, сондай-ақ саяжай аумағында аллея ашу жоспарланған. Барлық жұмысты жыл соңына дейін аяқтау көзделген.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
11:44
09:15
Вчера
18:57
7 октября
18:49
7 октября
16:28
7 октября
10:28
7 октября
ТОП новости
Объявления
Комментарии