• Главная
  • Қонаев қаласында Наурыз-керуен жүріп өтті
Наурыз
11:03, 21 марта
Надежный источник

Қонаев қаласында Наурыз-керуен жүріп өтті

Наурыз
Қонаев қаласында Наурыз-керуен жүріп өтті, фото-1

Наурыз мерекесі қарсаңында Қонаев қаласында Наурыз-керуен жүріп өтті. Керуен тізбегінде түйелер, ат арба, күймелер мен автокөліктер болды.

Зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар, әжелер, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, театр әртістері мен жастар, енген керуеншілер әуелі алаңға жиналды.

Мерекелік көш-керуенінің шартты атауы – "Ынтымақ". Мақсаты – облыс халқының тұтастығын мен ауызбіршілігін көрсету. Бүкіл аудандарды қамтитын Көшке 3000 адам қатысты. Бір аудан – бір Көш. Әр ауданның тарихи, мәдени, географиялық ерекшеліктері ескеріле отырып, әрқайсысына белгілі бір тақырып берілді.

Қонаев қаласында Наурыз-керуен жүріп өтті, фото-2

Көш - керуен жол бойы бір-біріне қосылып, толығып отырды, және қазақтың көш дәстүрі қатаң сақталды.

Орталыққа келіп жеткен көш-керуенді өңір жұртшылығымен бірге Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев және облыстың зиялы қауым өкілдері мен құрметті ақсақалдары күтіп алды.

Қонаев қаласында Наурыз-керуен жүріп өтті, фото-3

Жиналған көпшілік жыл басының басты дәмі – Наурыз көжеден дәм татты. Күбіден түскен май мен табада піскен ыстық нан, бауырсақтан ауыз тиді.

Көшке көрісу сияқты дәстүрлер қамтылып мерекенің мәні одан әрі ашыла түсті. Әр көшке 1 минутқа дейін уақыт беріліп, өздеріне берілген тақырыптар бойынша өнерін көрсетіп, игі шараның маңызын арттыра түсті.

Қонаев қаласында Наурыз-керуен жүріп өтті, фото-4

Мерекелік іс-шарада облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ​жұртшылықты Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, ізгі ниетін білдірді.

"Құрметті жерлестер! Биыл Наурыз мейрамы Қасиетті Ораза айына тұспа-тұс келіп отыр. Барша мұсылман қауымына тұтқан Оразаның қабыл болуын тілеймін!

Әз-Наурыз ынтымағымызды нығайтып, асқар асуларды бағындыруға жетелей берсін. Әр шаңыраққа қуаныш пен шаттық, мол бақыт әкелсін!

Егеменді еліміздің іргесі берік, мәртебесі биік, болашағы жарқын болсын!

Ұлыс оң болсын! Мейрам құтты болсын!», – деп дүйім жұртқа ізгі ниетін білдірді.

Қонаев қаласында Наурыз-керуен жүріп өтті, фото-5

Осылайша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азаматтарын Ұлыстың ұлы күнінде, "Аймаққа еңбегі үшін" төсбелгісімен марапаттап, өзінің құттықтау сөзін жақсы бір салтанатты рәсіммен аяқтады.

Қонаев қаласында Наурыз-керуен жүріп өтті, фото-6

Облыс басшысының құттықтауынан кейін "Жаңа күн" атты пролог басталады. 150-200 адам қатысатын Пролог Күнді қарсы алу, көктемнің келуі, табиғаттың оянуы, Қыдыр атаның бата беруі сияқты дәстүрлерді қамтыды.

Театрландырылған пролог-қойылымға белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова мен "Раббат" этнотобы, сондай-ақ 70-ке жуық биші би билеп, сахнада ерекше халықтық мерекенің атмосферасы пайда болды. Ары қарай концерттік бағдарламада халық сүйіп тыңдайтын "Дос Мұқасан", Әбдіжаппар Әлқожа, Шәба Әденқұл, Мирас пен Құралай сияқты белгілі әншілер ән айтты. Ал кешкі мерекелік концертте Еркеш Хасен, Нұрсұлтан Нұрбердиев т.б сияқты жастардың сүйікті әншілері өнер көрсетіп кеш көрігін қыздырды.

Қонаев қаласында Наурыз-керуен жүріп өтті, фото-7
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Конаев #Наурыз мейрамы #Алматинская область #Праздник

Комментарии

live comments feed...