• Главная
  • Шомылу маусымы Қонаевта туризмнің дамына қалай әсер етіп жатыр?
Туризм
21:14, 29 марта
Надежный источник

Шомылу маусымы Қонаевта туризмнің дамына қалай әсер етіп жатыр?

Туризм
Шомылу маусымы Қонаевта туризмнің дамына қалай әсер етіп жатыр?

Қаланың туризмі, әсіресе, шомылу маусымымен тұспа-тұс келеді.

Былтыр Қапшағай су қоймасының жағалауында демалуға 1,2 млн турист келген. Шаһарда 140 туристік нысан бар.

Қазіргі таңда жеке инвестициялық қаржыға бірнеше қонақ үйлер, ойын-сауық әрі сауықтыру кешендері, көпсалалы курорт аймағы, демалыс аймақтары салынып жатыр. Сондықтан биыл қызмет көрсететін бизнес нысандарының саны артуы бек мүмкін.

Шомылу маусымы Қонаевта туризмнің дамына қалай әсер етіп жатыр?, фото-1

Қалалық жағажайдың маңындағы паркте спортты дамыту мақсатында "Кроссфит алаңын абаттандыру" жобасы іске асырылуда. Жалпы алаңы 1,470 га. Жоба бойынша шағын футбол алаңы, баскетбол алаңы, воркаут алаңы орнатылады. Мұнда халық демалу үшін барлық жағдай жасалады. Яғни, киім шешетін орын, дәретханалар, қоқыс жәшігі – барлығы жобада қарастырылған.

Шомылу маусымы Қонаевта туризмнің дамына қалай әсер етіп жатыр?, фото-2

Аталғандардан бөлек, бұл жерде адамдарды күннің көзінен сақтау үшін шатырлар қойылған. Құтқарушылар отыратын жер де бар. Фотоаймақ, пирс та салынып жатыр. Жобаның аяқталу мерзімі 2024 жылдың 30 шілдесі. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 95 пайызы аяқталған.

Шомылу маусымы Қонаевта туризмнің дамына қалай әсер етіп жатыр?, фото-3

Қазіргі таңда 8-жағажайды абаттандыру жобасына түзетулер енгізіліп жатыр. Мердігер компания – "Golden City DS" ЖШС. Бұл жағажайдың аумағы 72 мың шаршы метрден астам. Мұнда бизнес орындары, әкімшілік және медициналық нысан, құтқару бекеттері, полиция бөлімшесі, әжетханалар мен жуынуға арналған орын, велотұрақ, шешінуге арналған орын, шатырлар орнатылады.

Шомылу маусымы Қонаевта туризмнің дамына қалай әсер етіп жатыр?, фото-4

Сонымен қатар жағажайда өрт қауіпсіздігін сақтау үшін арнайы резервуарлар қойылады.

Ал 6-7 қалалық жағажайларға келсек, биыл жоба жасаушы компаниямен ТҮКШ бөлімі келісімшартқа қол қойды. Аталған компания бірыңғай дизайн кодқа сәйкес, жоба жасайды. Егер мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынса, құрылыс жұмыстары биыл басталады деп жоспарланған.

Шомылу маусымы Қонаевта туризмнің дамына қалай әсер етіп жатыр?, фото-5

Бұған дейін бұл жағажайдағы бизнес орындары жалға беріліп, жұмыс жасап келген. Жылда мамыр айында шомылу маусымына дайындық жүргізілетін. Жоба мақұлданғанша аталған бағыттағы жұмыс жасалады.

Шомылу маусымы Қонаевта туризмнің дамына қалай әсер етіп жатыр?, фото-6

Қонаев қаласының кешенді даму жоспарының аясында Қапшағай су қоймасының 5 шақырымнан астам жағажайы абаттандырылады. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жеке инвестиция мен бюджет қаржысына жүргізіледі.

Биыл жағажайларды толық абаттандыру үшін жобалық-сметалық құжатын дайындау жоспарланған. Қазіргі таңда "Freedom bank-тің" инвестициялық қаржысына 1 шақырым жағажай абаттандырылып жатыр.

Шомылу маусымы Қонаевта туризмнің дамына қалай әсер етіп жатыр?, фото-7
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Последние новости
Объявления
live comments feed...