09:57, 9 апреля
Надежный источник
"Азаматтарға арналған үкіметтің" құрылғанына 8 жыл: цифрландыру мемлекеттік қызметтер саласын қалай өзгертті
Фото: gov4c.kz
8 жыл ішінде Мемлекеттік корпорация 302 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті.
Бүгінде "Азаматтарға арналған үкімет" арқылы 1281 қызмет түрін алуға болады. Оның 41-і қағаз жүзінде, 486 қызмет – қағаз және электронды түрдежәне 754-і тек электронды түрде көрсетіледі.
2023 жылдың қорытындысы бойынша сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің көшін бастаған электрондық цифрлық қолтаңба алу қызметі. Оған 3,4 млн рет тапсырыс берілген. Екінші орынға – көлік құралдарын тіркеу, үшінші орынға – жүргізуші куәліктерін алу орналасты.
Қазіргі таңдағы "Азаматтарға арналған үкімет" - бұл еліміз бойынша 263 ХҚКО мен 25 автодромы бар 30 мамандандырылған ХҚКО (арнайы секторларды қоса алғанда), 7 көші-қон қызметтері орталығы және 35 сектор (сұранысқа ие қызметтерді көрсететін бөлім).
"Азаматтарға арналған үкімет" - халық үніне құлақ асатын мемлекеттің бейнесі. Біз арқылы билікке жүгініп, біз арқылы жауаптар алынады және біздің міндетіміз – тиімді әрі жылдам байланыс орнату. Жақын уақыттағы ең өзекті міндет – қазақстандықтар үшін қолжетімді және неғұрлым ашық цифрлық мемлекет құру.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің тапсырмасы бойынша басқа ведомстволармен бірлесе отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі барлық платформаларды бірыңғай кеңістікке біріктіреміз. ИАЖ ХҚКО 2.0, 1414 байланыс орталығы, eGov.kz, eGov mobile смартфонда, үйдегі компьютерде, оператордың мониторында бір интерфейске ие және кез келген құрылғыдан қызмет алуды бастап, басқа құрылғыдан аяқтауға мүмкіндік береді және қызмет алуды қолжетімді етеді", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.
"Азаматтарға арналған үкіметтің" ең ірі жобалары:
- "ХҚКО" мобильді қосымшасының іске қосылуы;
- "Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры" жүйесінің құрылуы;
- АХАТ қызметінің Мемлекеттік корпорацияға өтуі;
- connection points желісін құру– мемлекеттік қызметтерді қоғамдық орындарда, мысалы, сауда орталықтарында алу мүмкіндігі;
- жол жүру ережелері бойынша емтихан тапсыру ЖЖЕ 3.0 жүйесін енгізу.
Естеріңізге сала кетейік, "Азаматтарға арналған үкіметтің" құрылғанына 8 жыл. 2016 жылы 7 сәуірде әділет органдарында жаңа коммерциялық емес акционерлік қоғам тіркелді. Оның міндеті "мемлекеттік қызметтерді алуға өтініштерді қабылдау және нәтижесін "бір терезе" қағидаты бойынша беру.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Открытый республиканский турнир по греко-римской борьбе стартовал в Алматинской области
Греко-римская борьба
15:42
12:26
12:00
Итоги референдума по АЭС в Казахстане
Референдум
11:49
Мы твердо убеждены, что строительство АЭС даст мощный импульс развитию отечественного бизнеса - Тимур Бекеев
Палата предпринимателей
17:59
Вчера
16:42
Вчера
ТОП новости
Спецтема
Объявления
13:01, 3 октября
27
13:01, 3 октября
20
13:01, 3 октября
live comments feed...
Комментарии