• Главная
  • Еліміздің су тасқынынан зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық көмекті жинақтау үшін құрылған "Күшіміз-бірлікте" волонтерлар штабының жұмысы аяқталды
15:57, 9 апреля
Надежный источник

Еліміздің су тасқынынан зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық көмекті жинақтау үшін құрылған "Күшіміз-бірлікте" волонтерлар штабының жұмысы аяқталды

Штаб жұмысына 300 ден астам волонтерлар қатысты.

Алматы облысынан Батыс Қазақстан облысына жалпы көлемі 130 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді: 100 тоннасы темір жол арқылы; 30 тонна "Алтын орда" сауда базарынның ұйымдастыруымен фура арқылы.

Алматы облысы су басқан өңірлерге ең үлкен гуманитарлық көмек көрсеткен аймақтардың қатарында.

Еліміздің су тасқынынан зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық көмекті жинақтау үшін құрылған "Күшіміз-бірлікте" волонтерлар штабының жұмы..., фото-1

Сондай-ақ, облыс кәсіпкерлерінің қолдауымен арнайы қорға 30 млн теңге қаржылай көмек аударылды. 

Бүгін су тасқыны болған аймақтарға көмек көрсету мақсатында облыстан 15 волонтер аттанатын болады. Осы уақыт аралығында штаб жұмысы бойынша БАҚ беттерінде 50-ден астам материал жарияланды

Гуманитарлық көмекті жинауға облысымыздың 9 аудан 1 қаласы, кәсіпкерлер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, "Amanat" партиясының мүшелері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстық филиалы мен қайырымды жандар өз үлестерін қосты.

Еліміздің су тасқынынан зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық көмекті жинақтау үшін құрылған "Күшіміз-бірлікте" волонтерлар штабының жұмы..., фото-2

Штаб жұмысын ұйымдастыруға кәсіпкерлік, жұмылдыру дайындығы, ішкі саясат басқармалары, баспасөз қызметі, Қонаев қаласының әкімдігі ерекше қолдау көрсетті.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Последние новости
Объявления
live comments feed...