
10:36, 29 апреля 2024 г.
Надежный источник
ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лардың мерекелік күндердегі жұмыс кестесі
ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лардың мамыр айындағы жұмыс тәртібі өзгереді, себебі, қазақстандықтар бұл айда үш мемлекеттік мерекені атап өтеді.
Барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары, соның ішінде мамандандырылған орталықтар 1, 7, 9 мамыр күндері жұмыс істемейді.
4 мамырда орталықтар кешкі сағат 18:00-ге дейін, кезекші орталықтар 20:00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Ал, 8 мамыр күні тек кезекші ХҚКО-лар мен кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар ғана жұмыс істейді. Жұмыс уақыты 13:00-ге дейін жалғасады.
10 мамырдан бастап фронт-офистер әдеттегі жұмыс режиміне оралады: ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін, кезекші болып бекітілген орталықтар жұмыс күндері 9:00 – 20:00 аралығында, сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Марат Султангазиев провел личный прием: какие вопросы подняли жители Алматинской области
Прием граждан
21:54
Вчера
11:02
Вчера
Куда поехать в бархатный сезон в Казахстане и сколько стоит дорога
Новости компаний
11:00
Вчера
10:39
Вчера
ТОП новости
Объявления
Комментарии