• Главная
  • "Тәңіртау таланттары" атты аймақтық байқау өтті
21:03, 4 мая
Надежный источник

"Тәңіртау таланттары" атты аймақтық байқау өтті

"Тәңіртау таланттары" атты аймақтық байқау өтті, фото-1

Ұлттық өнерімізді дәріптеп жүрген бір топ марқасқа ауыл жастары арасында іріктеу өтті, деп хабарлайды Qonaev-gorod   Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Райымбек, Кеген, Ұйғыр аудандарының мектеп оқушылары арасындағы дәстүрлі әншілер мен күйшілердің байқауына журналист, ғалым, өнертанушы Сағатбек Медеубекұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, әнші Тілеулес Құрманғалиев, "Құрмет" орденінің иегері, әнші, ұстаз Ұлту Қабаева т.б өнер тарларландары әділ-қазылық етті.

Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Ғалымжан Досанұлы, ҚР Мәдениет қайраткері, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері Рамазанның бауыры Ерлан Стамғазиевті еске алу мақсатында ұйымдастырылды.

Байқау қорытындысы бойынша "Дәстүрлі ән" номинациясы Амантұр Салтанат бас жүлде иегері атанып, 100 мың теңгеге ие болды. "Күй" номинациясы бойынша Айбек Сәбитұлы бас жүлде иегері атанып, 100 мың теңге ақшалай сыйлық табыс етілді.

І,ІІ,ІІІ орын иегерлеріне де сый-құрмет көрсетіліп мақтау грамоталары және ақшалай сый-сияпат етілді.

"Тәңіртау таланттары" атты аймақтық байқау өтті, фото-2

Аталған шарада аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы "Бұлақ көрсең көзін аш" деген дана халқымыздың мақалын тілге тиек етіп, талантты балалардың үлкен өнерге баспалдағы осындай кіші сайыстарда шыңдалатындығын айтып өтіп.

Осындай игі іс-шараға ұйытқы болған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев және журналист, ғалым, өнертанушы Сағатбек Медеубекұлына алғысын жеткізіп, сый-құрмет көрсетті.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...