
12:23, 7 мая 2024 г.
Надежный источник
Отан қорғаушылар мен Жеңіс күнін мерекелеу қарсаныңда, Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінде салтанатты іс-шара өтті

Ардагерлерге құрмет көрсету ҚАЖ саласында дәстүрге айналған игі шаралардың бірі. Іс-шараға арнайы соғысқа қатысушыларға теңестірілген ардагерлер, еңбек майданының қатысушылары, жауынгер-интернационалистері және ҚАЖ ардагерлері, сонымен қатар Департаментке қарасты мекеме және пробация басшылары шақырылды.
Салтанатты жиын Әнұран орындалуымен және Департамент бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтың құттықтау сөзімен басталды. Шақырылған ардагерлерге құрмет көрсетіліп, алғыс хат пен ақшалай сыйлықтар тарту етілді.
Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, қол жеткізген жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің бұйрығымен бір қызметкер мерзімінен бұрын арнайы атағын алса, бір қызметкер арнаулы атағынан бір саты жоғары атағын алды.
"Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" медаліне 2 қызметкер иеленіп, тағы екі қызметкер “қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі” төс белгісін алды. Бұған қоса, ІІМ алғыс хатына 1 қызметкер, грамотасына 5 қызметкер ие болды. ҚАЖ Департаменті бастығының бұйрығымен 9 қызметкерлер марапатқа ие болды.
Мерекелік іс-шара салтанатты концерттік бағдарламамен жалғасты. Қызметкерлер әскери әндер орындап, ардагерлер өз кезегінде мерекеліп лебіздерін білдіріп, жастарға өсиет ақылдарын айтты.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Беспилотное такси в Казахстане: запуск запланирован на 2026 год
Новости компаний
16:41
Новогодняя сказка для детей военнослужащих Конаевского гарнизона
Конаевский гарнизон
12:07
15:27
Вчера
18:29
27 декабря
В Конаеве прошла церемония вручения молодежной премии "Зангар"
Молодежная премия
18:01
27 декабря
17:44
27 декабря
ТОП новости
Шоколад и конфеты продолжают дорожать в Казахстане
Кондитерские изделия
Спецтема
Объявления
Комментарии