• Главная
  • Қонаевта ауқымды инвест жобаның алғашқы тасы қаланды
Қонаев
19:46, 2 июня
Надежный источник

Қонаевта ауқымды инвест жобаның алғашқы тасы қаланды

Қонаев

Бүгін Қапшағай су қоймасының жағалауында "Жібек жолы" аттракциондар паркінің алғашқы кірпіші қаланды, деп хабарлайды Qonaev-gorod  Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін №8 жағажай аталып келген аймақ енді паркке айналмақ. Қытайлық инвесторлар мұнда 100 млн доллар қаржы құяды деп жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге 2500 адам тартылып, жоба аяқталған соң 500 қызметкер тұрақты жұмыспен қамтылады.

Қонаевта ауқымды инвест жобаның алғашқы тасы қаланды, фото-1

Салтанатты шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы қатысты.

"Қонаев қаласы облыс орталығы болғанына биыл 2 жыл болды. Осы аралықта жағажайларды абаттандыру жұмыстарын бастап кеттік. Бүгін жаңа жағажайдың алғашқы тасы қаланды. Бұл – өте қуанышты жағдай. Себебі, Қонаев туристер үшін тартымды, халық үшін қолайлы, ақылды қала болуы тиіс. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!", – деді Марат Сұлтанғазиев.

Қонаевта ауқымды инвест жобаның алғашқы тасы қаланды, фото-2

Жоба бойынша бұл жерде қонақ үйлер, пирс, субұрқақтар шоуы, аквапарк, аттракциондар, сауда орындары салынады. Аумағы – 15 гектар. Алғашқы кезеңінде 7 гектардан астам жер игеріліп, жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары аяқталады деп көзделуде. Ал екінші кезең 2025 жылы жүзеге асады. Жаңа жағажай бір маусымда 3 млн адам қабылдай алады.

Сондай-ақ қала әкімі Асхат Бердіханов құрылыс барысында әкімдік қойған әр талапқа бақылау болатынын айтып өтті.

"Кез келген инвестициялық жоба мемлекеттік сараптамадан өтеді. Ол дегеніміз – Қазақстанның талаптарына сай салынады дегенді білдіреді. Әкімдік тарапынан қойылған шарттың ішінде құрылыс сапасы, экологияға зиянсыз болуы жайлы талап, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар жазылған. Былтырдың өзінде 1,3 млн демалушы келген болатын.

Биыл бұл межеден асу жоспарланған. 3 млн адамды да күте аламыз. Ол үшін инфрақұрылымды дамыту, демалыс орындарын салу бағытындағы басқа да инвестициялық жобаларға қолдау көрсету секілді жұмыстар атқарылуда", – деді қала әкімі.

Қонаевта ауқымды инвест жобаның алғашқы тасы қаланды, фото-3

Айта кетейік, Қонаевта №5 жағажай мемлекет қаржысына абаттандырылып жатыр. Ал №7 қалалық жағажайдың маңында "Кроссфит алаңы" салынуда. Сонымен қатар 1 шақырымнан астам жағалау аумағы жеке инвестордың қаражатына абаттандырылуда.

Қонаевта ауқымды инвест жобаның алғашқы тасы қаланды, фото-4
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Последние новости
Объявления
live comments feed...