Қонаев
13:27, 1 июля
Надежный источник
Қонаевта бюджет есебінен 31 тұрғын үй бой көтереді
Қонаев
Қазіргі таңда бюджет қаржысына 10-шағын ауданда 180 пәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Сондай-ақ әрқайсысы 60 пәтерлік 9 көпқабатты үйдің сметалық құжаттары жасалып жатыр. Бұл туралыҚонаев қаласының әкімдігі ұйымдастырған пресс-тур барысында белгілі болды.
"Алдағы жылдары 31 көпқабатты үй тұрғызу жоспарланған. Жалпы 2050 жылға есептелген Бас жоспарға сәйкес, 2 538.2 мың шаршы метр тұрғын үйді қолданысқа беру көзделуде", – деді құрылыс бөлімінің бас маманы Самал Тасқалиева.
Тілшілер бүгінде жеке инвесторлардың қаржысына салынып жатқан "Sun City" және "Аристократ" кешендеріне барды. "Sun City" кешені 12 қабаттан, 3 бөліктен тұрады. Жалпы ауданы – 23 000 шаршы метр, мұнда 360 пәтер бар.
Ал "Аристократ" кешенінде 552 пәтер қамтылған. Ғимараттың жалпы ауданы – 54,5 мың ш.м. Бес блокты 10,9 мың ш.м. құрайтын бөлігін биыл пайдалануға беру жоспарланған.
"Қаламызда 7 құрылыс компаниясы өз қаражаттары есебінен 2 тұрғын үй кешені мен 5 көпқабатты тұрғын үй құрылысын жүргізуде. Олардың жалпы ауданы 123,61 мың шаршы метрді құрайды. Халықтың әлеуметтік осал топтарын коммуналдық тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 85 пәтер сатып алынып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің теңгеріміне өтті. Жақында табыс етіледі", – деді маман.
Бұдан кейін журналистер бұқаралық спортты дамытуға арналған "Кроссфит" алаңына барды. Мұнда шағын футбол, баскетбол, воркаут алаңдары орналасқан. Тапсырыс беруші – қалалық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі. Құрылыс жұмыстары былтыр басталып, биыл аяқталады деп күтілуде. Нысанның жалпы аумағы – 1 гектардан астам. Алаңның әрін жасыл аймақ пен шағын сәулеттік нысандар келтіріп тұр.
"Бұл жерде жұрт демалуға әрі денешынықтырумен айналысуға арналған спорттық шараларды ұйымдастырмақпыз. Қонаевта жылына 300-ден астам түрлі турнир, жарыстар, додалар өтеді. Спортсүйер қауымның да саны жыл санап артуда. Әсіресе, ашық алаңда ұйымдастырылатын шаралардың көрермені қалың", – деді мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Бибігүл Шайкенова.
Бұдан бөлек, БАҚ қызметкерлері жаңадан ашылған №5 қалалық жағажайды аралап шықты. Демалыс орнының аумағы 2,7 гектарды алып жатыр. Мұнда футбол, волейбол, воркаут, балалар ойын алаңдары, үстел теннисі орнатылған. Суға түсу орны мен дәретхана, шатырлар, пирс, жасыл аймақ, бизнес объектілері, балалар бассейні, автотұрақ та бар. Құтқарушыларға арналған 2 орын қойылған.
Жергілікті мамандардың сөзінше, қалада туризм саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Былтырғы шомылу маусымында 1,2 млн халық келсе, биыл оның саны екі есе өсуі мүмкін деген болжам бар. Осы бағыттағы жұмыстар ары қарай да жалғасын табады.
Жағажай жайлы жұртшылық та пікірін білдірді.
"Ұнады. Бұл нысан басқалармен салыстырғанда әдемі етіп жасалған екен. Балаларымыз хауызға шомылып, әткеншек теуіп, риза болып жүр. Қонаев өркендеп, дами берсін", – деді алматылық тұрғын Айгерім.
Сонымен қатар мамандар Қонаевта №6 және №7 жағажайларды абаттандыру көзделіп отырғанын айтты. Ал №8 жағажай инвесторлар қаржысына салынып, аттракциондар паркіне айналмақ.
Фото: Жумабай Мусабеков
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
12:15
17:07
Вчера
16:43
Вчера
16:15
Вчера
15:14
Вчера
Начало зимнего периода обучения
Конаевский гарнизон
15:02
Вчера
14:30
Вчера
ТОП новости
Новые камеры контролирует дороги Алматинской области
Комплекс "Сұңқар"
23 незаконные стройки: ГАСК Алматинской области подвел итоги месяца
Незаконное строительство
Спецтема
Объявления
15:02, 30 ноября
02:50, 24 ноября
live comments feed...
Комментарии