
18:21, 12 июля 2024 г.
Надежный источник
ҚАЖ теолог мамандары біліктілікті арттыру курстарынан өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің мекеме теологтары бір айлық біліктілікті арттыруға арналған курсты аяқтады.
Биыл өңірлік ҚАЖ мекемелерінің үш қызметкері отандық ғалымдардан, профессорлардан және жоғары білікті мамандардан 15 пән бойынша 140 академиялық сағат ішінде оқудан өтті. Олардың барлығына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Діністері комитеті төрағасының және Нұр-Мүбарак университетінің проректорының арнайы сертификаттары табысталды.

"Исламдық бағыттағы деструктивті және радикалды діни идеологияны ұстанушыларды радикалсыздандыру және оңалту саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру" курсы отандық дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда айтарлықтай оң нәтижелерді көрсетеді.
Білімді бақылау және бағалау үшін ҚАЖ теологтары "Радикалданудың алғашқы белгілері және алдын алу әдістері: діни мәтіндерді түсіну проблематикасы", "Теология және философия: олардың қазіргі әлемдегі арақатынасы", "Дін социологиясы және қазіргі діндарлықтың ерекшеліктері", "Конфликтология және конфликт барысындағы медиация", "Ханафи жамағаттарының радикалдануының қаупі және факторлары" және тағы басқа тақырыптарда тесттерден өтіп, дәрежелерін көрсетті.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Новая модель образования: как будут развиваться "Келешек мектептері"
Келешек мектептері
16:57
Вчера
21:35
28 марта
18:32
28 марта
12:38
28 марта
11:48
28 марта
Служба завершена: школа мужества, стойкости и воинского братства пройдена
Конаевский гарнизон
11:36
28 марта
Весенний призыв граждан на срочную воинскую службу
Весенний призыв
13:03
27 марта
12:09
27 марта
ТОП новости
Объявления
Комментарии