
12:24, 18 июля 2024 г.
Надежный источник
ҚАЖ қызметкерлері босатылған сотталғанды үйіне жеткізді

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің №57 мекемесінен психиатр дәрігерінің есебінде тұрған сотталған шартты түрде мерзімінен бұрын соттың Қаулысымен босатылып шықты.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, босатылып жатқан сотталғанға жол ақысы төленіп, жіберілуі қажет. Алайда, мекеменің ҚАЖ қызметкерлері денсаулығының ақауы бар сотталған азаматқа бей-жай қарамай, көмек көрсетті. Азаматтың тұрғылықты мекен-жайына адаспай баруы үшін, оны үйіне дейін шығарып салып, анасына тапсырды.
"Ұлымның соттан өтіп босатылатыны жайлы түрменің қызметкерлері хабарласып айтқан болатын. Сол кезде ұлымның денсаулық ақауларына байланысты күтіп алуға кімдер келетінің де сұраған. Менің өзімнің денсаулығым болмағаннан кейін, күтіп ала алмайтынымызды, адаспай аман-есен жетуін айтып тілеген болатынмын. Бүгін қызметкерлердің өздері келіп, үйге дейін жеткізіп салғандарын көріп, қатты риза болдым",- деп бөлісті, босатылған сотталғанның анасы.
Сонымен қатар, №57 мекеме қызметкері тарапынан, тұрғылықты мекен-жайы бойынша есепке тұру тәртібі түсіндірілді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
В Казахстане стартовала "Неделя казахстанской анимации"
Новости компаний
12:09
Вчера
Город в ритме джаза: в Алматы пройдет масштабный международный фестиваль джазовой музыки
Новости компаний
12:31
24 марта
12:05
24 марта
15:53
23 марта
13:49
23 марта
13:28
23 марта
ИИ на рельсах: КТЖ и Huawei запускают технологическую трансформацию
Новости компаний
12:49
23 марта
12:16
23 марта
ТОП новости
Объявления
06:35, 18 марта
Комментарии