
13:17, 19 октября 2024 г.
Надежный источник
Алматы облысының тұрғындары балкондарына Ту ілді

Қонаев қаласында 20-ға жуық белсенді "Менің елім – менің Туым" акциясын өткізді, деп хабарлайды Qonaev-gorod.
Шараны "AMANAT" партиясы жанындағы "Жастар рухы" жастар қанатының Алматы облыстық филиалы ұйымдастырды. Акция барысында көпқабатты үйлердің балкондарына 15 мемлекеттік Ту ілінді.

"Бұл акция патриоттық рухты арттыруға және мемлекеттік рәміздерге деген құрметті насихаттауға бағытталған. Республика күні қарсаңында мемлекеттік Туды ілу дәстүрі азаматтардың елге деген сүйіспеншілігін айқын көрсетеді", – деді "Жастар рухы" жастар қанатының Алматы облыстық филиалының төрағасы Медет Бекбергенов.
Айта кетейік, акцияға 20-ға жуық белсенді жас қатысып, тұрғындарға патриоттық бастаманы қолдауға шақырды. Бұл акцияны кез келген тұрғын мен қала қонағы жалғастыра алады. Олар Туды балкондарына, үйлеріне ілуге ерікті түрде қатыса алады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
23:47
11 марта
23:25
11 марта
21:08
11 марта
17:50
11 марта
В Казахстане стартует акция "Nauryz Sale": жителей Алматинской области ждут скидки до 70%
Nauryz Sale
15:43
11 марта
ТОП новости
Семь спортсменов представят Казахстан на XIV зимних Паралимпийских играх-2026
Паралимпийские игры
Объявления
13:55, 5 марта
Комментарии