18:10, 14 ноября
Надежный источник
Жыл басынан Алматы облысының тұрғындары МӘМС-ке 32 млрд теңге жарна төледі
Алматы облысында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру халық санының өсуі мен медициналық қызмет көлеміне деген қажеттілікті ескере отырып қалыптастырылады.
Қаржыландыруды ұлғайту арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі де артып келеді. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының" КЕАҚ Алматы облыстық филиал директоры мәслихаттың денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спортты дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы отырысында мәлімдеді.
Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, 10 ай ішінде облыс тұрғындары МӘМС-ке 32 млрд теңге жарна төлеген.
"Мед.ұйымдарға көрсетілген қызметтерді төлеу Қор сарапшылары жүргізген мониторингтен кейін жүзеге асырылады. Биыл мониторинг бойынша жалпы сомасы 1 448,6 млрд теңгеге 233 421 ақау анықталды. Ақаулардың басым бөлігі амбулаториялық-емханалық көмекке тиесілі.
Медициналық көмек көлемін жасанды түрде арттыру, стандарттар мен клиникалық хаттамалардан негізсіз ауытқулар, ақпараттық жүйеге мәліметтерді қате енгізу де бар", - деді депутаттар алдында Тілеухан Шілдебайұлы.
Қор өкілі филиалдың 10 айлық жұмысының қорытындысымен бөлісті. Сөзінше, Алматы облысы бойынша тұрғындар тарапынан түскен арыз-шағымдар саны 1218-ге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір көп.
Ақпаратқа сәйкес, келесі санаттар бойынша шағымдар санының өсуі байқалады: консультациялық-диагностикалық көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында дәрілік заттармен қамтамасыз етуден бас тарту, бейінді педиатриялық мамандардың жоқтығы және тапшылығы.
"Салада бірқатар мәселе бар. Халықтың сапаға қанағаттанушылық деңгейінің төмендігі, АМСК деңгейінде консультациялық-диагностикалық көмекке қол жеткізудің қиындығы, денсаулық сақтау саласын цифрландырудың төмен деңгейі, медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегі", - дейді Тілеухан Әбілдаев.
Қор өкілі мәслихат депутаттарына қалыптасқан күрделі жағдайдың шешу жолдарын да ашық айтты. Бұл қатарда адам ресурстарын дамыту, медициналық ұйымдардың топ-менеджерлерін қаржылық менеджмент бойынша оқыту бар.
Жалпы, комиссия отырысында Денсаулық сақтау басқармасы сенімгерлік басқаруға берілген медициналық мекемелердің жұмыс сапасын бақылау туралы, әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығына тұрақты мониторинг жүргізу, электрондық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және күшейту мәселелері туралы баяндады. Бұдан да бөлек, әлеуметтік салалар қамтылды.
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
16:24
Вчера
16:01
Вчера
12:53
Вчера
21:21
10 декабря
18:24
10 декабря
16:29
10 декабря
16:16
10 декабря
ТОП новости
В Алматинской области стартовал проект "Клиника одного дня"
Пренатальная диагностика
Спецтема
Объявления
15:02, 30 ноября
live comments feed...
Комментарии