
14:02, 13 марта 2025 г.
Надежный источник
Астанада математика және механика бойынша халықаралық конкурс өтті: Алматы облысының оқушылары жүлделі орындарға ие болды

Астанада 11-13 наурыз аралығында Ө. Жолдасбеков атындағы 11(12) сынып оқушыларына арналған математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсы өтті.
Зияткерлік жарысқа түрлі елдерден дарынды жас зерттеушілер жиналып, өздерінің ғылыми жобаларын ұсынды, деп хабарлайды Qonaev-gorod Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Конкурс қорытындысы бойынша Алматы облысының құрама командасы жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
- ІІ орын – Алатау қаласы №47 орта мектептің 11-сынып оқушысы Ахатова Элинур;
- ІІІ орын – Талғар аудандық жеке лицей-интернатының №1 11-сынып оқушысы Ульфанов Мухаммадали және Жамбыл ауданы Үңгіртас орта мектебінің 11-сынып оқушысы Нұрбай Мерей.
Жас зерттеушілер өз жобаларында математика мен механиканың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған ғылыми ізденістерін таныстырды. Қазылар алқасы олардың жұмыстарын жоғары бағалап, оқушылардың зерттеу әлеуетін атап өтті.
"Бұл конкурс мен үшін үлкен тәжірибе болды. Өз жобамды таныстырып, өзге елдердің дарынды оқушыларымен білім сайыстыру өте қызықты әрі жауапты іс. Болашақта осы бағытта өзімді әрі қарай дамытқым келеді", – дейді жүлдегер Нұрбай Мерей.
Айта кетейік, Ө. Жолдасбеков атындағы бұл халықаралық конкурс жыл сайын өткізіліп, ғылымға қызығушылық танытатын дарынды оқушылардың басын қосады.
Шара жас ғалымдарға тәжірибе алмасуға, өз идеяларын ұсынуға және ғылым жолында жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндік береді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
12:45
Вчера
Дизайн мышления для школьников: Как прошла ментор-сессия Solve For Tomorrow 2026 в Астане
Новости компаний
22:00
13 июня
20:56
13 июня
21:17
12 июня
12:23
12 июня
10:27
12 июня
ТОП новости
Пустошь на Капчагае: Безумный Макс по-казахстански ворвется в Конаев этой ночью… точнее, этим летом!
DRIVE FORUM GREAT ORDA
В Конаеве готовится к открытию современный Кардиологический центр
Кардиологический центр
Объявления
12:38, 8 июня
Комментарии