
Экоакция
18:03, 5 апреля
Надежный источник
Қонаевта сенбілікке 1650 адам қатысты
Экоакция

Қонаев қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы аясында кезекті сенбілік өтті.
Тазалық іс-шарасына 87 мекемеден 1650 адам қатысып, 15 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 27 тонна қоқыс шығарылып, қаланың бірнеше аумағы толықтай ретке келтірілді.

Бұл күні әлеуметтік, әкімшілік, кәсіпкерлік нысандардың айналасы, "Шошқалы сай" арнасы тазартылып, ағаштардың діңі әктелді. Сонымен қатар стихиялық қоқыс орындарындағы тұрмыстық қатты қалдықтар жойылып, 2 саябаққа тазалық жұмыстары жүргізілді.

"Таза Қазақстан" — тек тазалық емес, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыратын маңызды экологиялық бастама. Бұл — әр азаматтың қоршаған ортаға деген қамқорлығы мен елге деген жанашырлығының көрінісі.

Қала әкімдігі сенбіліктерге белсенді атсалысқан барлық азаматтарға алғыс білдіреді. Қоршаған ортаны таза ұстау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз!

Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Алматинская область принимает этап VII Пара спартакиады Казахстана
Пара спартакиада
12:35
Вчера
21:42
13 июня
21:17
13 июня
Новые туристические маршруты и инвестиции: Казахстан и Китай на пути к стратегическому партнерству
Сотрудничество
20:02
13 июня
19:34
13 июня
18:36
13 июня
ТОП новости
В инженерно-саперной бригаде Конаевского гарнизона солдаты приняли присягу
Конаевский гарнизон
Спецтема
Объявления
12:49, 11 июня
16:46, 7 июня
live comments feed...
Комментарии