
11:54, Сегодня
Надежный источник
Осындай азаматтардың ғұмырларынан өнеге алып, келер ұрпаққа оны мирас ретінде қалдыруымыз керек - Дәурен Оразбеков
Отан қорғаушылар мен Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында 105 жасқа келген соғыс және еңбек ардагері, Қонаев қаласының Құрметті азаматы Оксана Бетебаеваға құрмет көрсетілді.
Ғасыр жасаған әжемізді Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник Дәурен Дәулетқанұлы арнайы үйіне барып, тарту-таралғы жасап, гүл шоғын сыйлады.
"Оксана апамыз 100-ден асқан адамдардың қатарын толықтырып отырғандардың бірі. Соның куәсі болып, ғасыр жасаған, заманның сырласы болған асыл әжемізді көруідің өзі бір бақыт. Қазіргі біздің келешегі мығым, бақытты өмір сүріп отырғанымыздың барлығы кешегі кеуделерін оққа төсеген қарияларымыздың арқасы.
Сол ардагерлеріміздің қатарында болған қарт әжеміздің қаншама жауынгерді аман алып қалуға еткен еңбегі теңдессіз. Аман-есен жүргені де ерлік көрсеткен ерлерімізден алған алғыстың шапағаты болар. Осындай азаматтардың ғұмырларынан өнеге алып, келер ұрпаққа оны мирас ретінде қалдыруымыз керек", - деді Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының м.у.а. подполковник Дәурен Оразбеков.

Оксана Демидовна 1920 жылы қазанда Украинаның Полтава облысы, Петрова-Роменский ауданының Венеславовка ауылда дүниеге келген. Жетінші сыныпты тәмамдап, медицина училищесіне оқуға түседі. Оқу орынын жақсы бітіріп, еңбек жолын аудандық ауруханада жалғастырады.
Осы кезеңде қанды соғыс басталып, 1941 жылдың шілдесіннде әскер қатарына шақырылып, Полтава қаласындағы №1668 госпитальда әскери мейірбике жасағына қабылданады. Отқа оранып жатқан уақытта жас қыз жауынгерлер өмірін арашалап қалуға бар күш жігерін салады. Талай боздақ көз алдында қыршынынан қиылғанда, жанарынан көлдей болып жас та төгілді.
Осындай күндердің бірінде госпитальға ауыр жарақатымен бір қазақ жігіті түседі. Оксана оған күні-түні қамқор болып, қарап жүреді. Жарақаты жазылып, беті бері қарағанда өзін Бекежан Бетебаевпын деп таныстырады. Бұл таныстық кейін достыққа оның арты махаббатқа ұласады.

Қос жүрек осылайша табысып, соғыс біткенше ажырамайды. Елге қайтып келген жас жұп Жаркент қаласына, одан жұмыс бабымен Іле ауданына қоныс аударады. Жарасымды екеудің Юра мен Нина атты балалары болады. Ертеңге деген арман-мақсатқа толы бақытты күндер жалғасып жатқандай еді.
1969 жылы соғыстан алған ауыр жарақат сыр беріп, жұбайы Бекежан мәңгілік келмеске кетіп, өмірден озады. Бүгінде апамыз Нина қызының қолында бейбіт өмірді кешуде. Ал, анасын елеп-ескеріп мерекемен құттықтап келген қауымға алғысын айтып, жүрекжарды тілегін білдірді.
Алматы облысының ТЖД
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
12:47
19:07
6 мая
Спецтема
Объявления
12:58, 5 мая
14:00, Вчера
live comments feed...
Комментарии