
Таза Қазақстан
10:40, Сегодня
Надежный источник
Ұйғыр ауданында "Таза Қазақстан" тұжырымдамасы аясында 1,2 тонна ағаш тұқымы егілді
Таза Қазақстан

Алматы облысына қарасты Ұйғыр ауданында республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық бастамасы қарқынды жүзеге асырылып келеді.
Қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру және экологиялық мәдениетті нығайтуға бағытталған бұл науқан өңір халқының белсенді қолдауымен жүзеге асып жатыр.
Аудан аумағында "Қарадала Орман шаруашылығы" КММ мен Ұйғыр ауданы әкімдігінің бірлескен бастамасымен 10 шақырымға созылған алқапқа 1,2 тонна қараағаш тұқымы егілді. Бұл көлем 150 қапқа шақ келеді. Мамандардың айтуынша, бір тонна тұқымнан мыңдаған жас көшет өсіп шығып, болашақта толыққанды орман алқабына айналады.
Аталған жұмыс аясында экологиялық мәдениетті насихаттау мақсатында "Таза Қазақстан" логотипі бейнеленіп, егілген аумақ болашақта демалыс саябағына айналмақ. Қазіргі таңда бұл жоба өңір экологиясын жақсартуға бағытталған ұзақмерзімді шешімдердің бірі ретінде қарастырылып отыр.
Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусизованың айтуынша, бұл тек ағаш егу шарасы ғана емес, болашақ ұрпаққа үлгі боларлық экологиялық құндылық.

"Экологияны сақтау – әрқайсымыздың борышымыз. Біз бүгін табиғатқа салған әр дән арқылы ертеңімізге инвестиция құйып отырмыз. Ұйғыр ауданы үшін бұл – жасыл кеңістікті ұлғайтып қана қоймай, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам", – деді аудан басшысы.
Айта кетейік, "Таза Қазақстан" тұжырымдамасы аясында аудан көлемінде ағаш отырғызумен қатар, су көздерін тазарту, қоқыс полигондарын жою, экотуризмді дамыту бағытында да бірқатар жұмыстар қолға алынған.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
12:01
10:40
Великой Победе посвящается
Конный спорт
16:39
10 мая
В десантно-штурмовой бригаде около шестисот солдат присягнули на верность Родине
Конаевский гарнизон
16:14
10 мая
13:38
9 мая
13:24
9 мая
Спецтема
Объявления
12:58, 5 мая
14:00, 7 мая
live comments feed...
Комментарии