
12:11, Сегодня
Надежный источник
Алматы облысы жастары арасында пейнтболдан турнир өтті
Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы аясында Талғар ауданындағы "Арлан" пейнтбол клубында "JENIMPAZ BOL" атты жарыс өтті.
Шара жастар арасында патриоттық рухты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты арттыру, сондай-ақ жастардың бос уақытын тиімді пайдалануды көздейді.
Турнирге облыстың құқық қорғау органдары, жас депутаттар, жұмысшы маман иелері, белсенді жастар ұйымдары, волонтерлер қатысты. Қатысушылар тек спорттық шеберліктерін ғана емес, сондай-ақ стратегиялық ойлау, бір-бірін қолдау, өзара түсіністік және командалық рух секілді маңызды қасиеттерін көрсете білді.

"Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қызықты әрі тартысты сәттерге толы болды. Әр команда өздерінің батылдығын, ептілігін және жеңіске деген жігерін көрсете отырып, турнир көрермендеріне ерекше әсер сыйлады", - дейді шара ұйымдастырушысы Алматы облысы жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Шыңғыс Мұқашев.
Шара соңында үздік ойын көрсеткен командалар жүлделі орындарға ие болып,арнайы дипломдармен ақшалай сыйлықтарға ие болды. Сондай ақ олардың спортқа деген ынтасы мен белсенділігі атап өтілді.
Пейнтбол ойыны қорытындысына сәйкес, жүлделі І орын Алматы облысы полиция департаменті есірткіге қарсы іс - қимыл басқармасы қызметкерлерінен құрылған командаға бұйырды. Келесі орындардан "Талхиз" жұмысшы мамандықтар, "TALGAR CITY" волонтерлер командаларына бұйырды.

"JENIMPAZ BOL" турнирі – бұл тек ойын ғана емес, бұл жастарды отансүйгіштікке, бірлікке, жігер мен қайсарлыққа тәрбиелейтін маңызды жоба. Осындай іс-шаралар болашақта да жиі өткізіліп, жастарды салауатты әрі саналы өмір салтына бағыттай беретіні сөзсіз, - дейді ойынды өткізген мамандар.
Әмина Құдайберген, Алматы облысы жастар ресурстық орталығының баспасөз хатшысы
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:43
16:44
11:16
ТОП новости
Спецтема
Объявления
live comments feed...
Комментарии