• Главная
  • Алматы облысында жаңа туған шақалаққа күрделі ота жасалды
13:07, 3 июня
Надежный источник

Алматы облысында жаңа туған шақалаққа күрделі ота жасалды

Алматы облысында жаңа туған шақалаққа күрделі ота жасалды, фото-1

Облыстық балалар клиникалық ауруханасына ми қан айналымының жедел бұзылуы диагнозымен түскен нәрестеге сәтті ота жасалды.

Емхана қабырғасына шақалақ ауыр хәлде жеткізілген. Дәрігерлер қажетті тексерулерден кейін баладан геморрагиялық типтегі жіті ми қанайналымының бұзылысын анықтаған. Сол жақ самай-төбе аймағында масс-эффектпен байқалатын жіті миішілік қан ісігін көрген.

Шұғыл көрсеткіштер бойынша нейрохирургтер сәбиді ота үстеліне жіберуге шешім қабылдапты.

"Науқас ауыр хәлде жеткізілді. Краниотомия, яғни субдуралдық ісікті дренаждау отасын жасау шешілді. Қуанышымызға орай бәрі сәтті аяқталды. Нәресте одан кейін неонатолог Арайлым Болат, анестезиолог-реаниматолог Ұлжан Маханованың бақылауында болды. Дәрігерлердің жоғары біліктілігі нәтижесінде баланы аман алып қалдық", - дейді отаны жүргізген нейрохирург Рахим Ахмаров.

Ақ халатты жандардың айтуында, нейрохирургиялық араласудан кейінгі кезең асқынусыз өтіп, бала денсаулығында оң динамика байқалыпты.

Сәби 12 күннен кейін қанағаттанарлық жағдайда үйіне жіберілген. Қазіргі таңда оның дені сау, жасына сай дамып келеді, - дейді дәрігерлер.

Айта кетерлігі, ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен тегін жүргізілді.

ӘМСҚ КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

live comments feed...