
19:58, 13 июня
Надежный источник
Биыл Алматы облысында 300-ге жуық бала түрлі жарақаттан емделген
Көптен күткен жазғы демалыс та келіп жетті. Бұл – таза ауада серуендеу, суға шомылу, күнге қыздырыну және басқа да жағымды істердің уақыты. Алайда жазғы қуанышпен қатар балалардың қауіпсіздігіне де аса мән беруіміз қажет.
Себебі жаз мезгілінде балалар көбірек далада ойнайды, белсенді демалыспен айналысады, ал бұл жарақат алу қаупін арттырады.
Ресми статистикаға сәйкес, Қазақстанда жыл сайын балалар арасында 200 мыңға дейін жазатайым оқиға мен жарақат тіркеледі. Олардың 70%-ы тұрмыста болады, ал зардап шеккендердің 1,2%-ы мүгедек болып қалады.
2025 жылы Алматы облысында әртүрлі жарақат алған 294 бала ауруханада емделді. Жарақаттардың негізгі себептері – тұрмыстық және көшедегі жарақаттар, жол-көлік оқиғалары, улану және күйік шалу. 2025 жылы балалар арасындағы термиялық жарақаттардың саны өткен жылмен салыстырғанда 31%-ға артқан.
Бұл – денсаулық сақтау мамандарын алаңдатып отырған өзекті мәселе.Облыстық балалар клиникалық ауруханасының мәліметі бойынша, жылдың басынан бері 133 бала күйік салдарынан медициналық көмек алған. Оның ішінде 111 бала – термиялық, 22 бала – химиялық күйік алған.
Анализ нәтижесі жарақаттардың негізгі себептері ретінде тұрмыстық құралдарды дұрыс пайдаланбау, балаларды қараусыз қалдыру, сондай-ақ ата-аналардың алдын алу шаралары туралы жеткілікті ақпараттандырылмауы екенін көрсетеді.
Тұрмыстық жарақаттар – ең жиі кездесетін түрі және көбінесе оның себебі – ата-аналардың салғырттығы. Олар балаларды қараусыз қалдырып қана қоймай, оларға қауіпті заттарды қолжетімді жерде қалдырады, терезелерді жаппайды және басқа да қауіпсіздік шараларын елемейді.
Балалар жарақаты жас ерекшеліктеріне байланысты да бөлінеді, себебі әр жаста бала дамуының өзіндік ерекшеліктері бар.
- Сәби кезеңінде (1 жасқа дейін) жарақаттар көбінесе заттарды ауызға салумен байланысты болады – осылайша олар айналаны тани бастайды.
- 1-3 жас аралығында балалардың қимылы белсенді бола түседі, сондықтан жарақаттар көбіне құлау, күйіп қалу, кесіп алу және тоқ ұру салдарынан болады.
- 3 жастан кейін баланың әлеуметтік шеңбері мен белсенділігі кеңейеді, бұл жарақат алу қаупін арттырады.
Термиялық күйіктер көбінесе балалардың ыстық сұйықтықтармен (су, шай, сорпа), бумен, отпен немесе қызған заттармен жанасуынан болады.
Химиялық күйіктер сирек кездеседі, бірақ көбіне тұрмыстық химия заттарының дұрыс сақталмауынан болады. Балалар қышқылды немесе сілтіні төгіп алуы, аэрозольді жұтуы немесе улы сұйықтықты ішіп қоюы мүмкін. Мұндай жарақаттар көбінесе ауыз қуысы, өңеш және тыныс алу жолдарын зақымдайды.
Электрлік күйіктер кішкентай балаларда ашық розеткаларға, жалаңаш сымдарға немесе ақаулы құралдарға қол тигізуден болады. Үлкен жастағы балаларда – электр желілері, трансформаторлық будкалар немесе үй шатырларында ойнау салдарынан болуы мүмкін.
__________________________________
Балалар арасындағы жол-көлік жарақатының себептері, балалар жарақаты көбінесе олардың психофизиологиялық даму ерекшеліктерімен байланысты:
- жас ерекшеліктеріне байланысты піспеген ойлау қабілеті;
- жағдайды дұрыс бағалай алмау;
- шартты рефлекстердің тез қалыптасып, тез жойылуы;
- қозғалысқа деген жоғары қажеттілік, ол сақтықтан басым түседі;
- ересектерге еліктеу;
- өз мүмкіндігін асыра бағалау;
- жақындап келе жатқан көлікке деген ерекше реакциялар және т.б.
Балаларды жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелеріне үйрету - жарақаттың алдын алудың басты жолы. Баланың жол-көлік оқиғасына ұшырау қаупін азайту үшін оны қауіпсіздік ережелеріне үйрету қажет. Бірақ баланы бұған сендіретін жалғыз адам -үлгі көрсете алатын ересек адам.
Ата-аналар мен ересектер өз жеке үлгісімен ғана баланың дұрыс мінез-құлық қалыптастыруына көмектесе алады.
Жыл сайын бассейндерде, теңізде, демалыс орындарында және табиғи су қоймаларында сәбилер мен жас балалардың суға кетуінің ондаған жағдайы тіркеледі.
Суға кетудің шамамен 40%-ы теңізде орын алады. Суға кету өте тез және үнсіз болады - әдетте бала суға кетіп жатқанда оның жылағанын немесе көмек сұрағанын есту мүмкін емес. Сондықтан балалар суда болғанда немесе суға жақын жерде жүргенде көз жазып қалмау өте маңызды!
Сәбилердің ауырлық орталығы денесінің жоғарғы бөлігінде орналасқан, сондықтан олар жиі бастары алға еңкейіп құлап, суға түсіп кетеді. Ауыз бен мұрын судың астында қалса, олар өздігінен қайта көтеріле алмай, суға кету жағдайына тап болады. Сәбилер тек 10 см тереңдіктегі суда да тұншығып қалуы мүмкін.
Менің ойымша, балалар жарақатының алдын алу — ересектердің ең маңызды міндеттерінің бірі. Балалардың өсуіне арналған ортаның қаншалықты қауіпсіз болатыны – біздің әрекетімізге байланысты.
Балаларды үнемі оқытып отыру, Ұсақ-түйекке мән беру, Жеке үлгі көрсету - мұның бәрі балаға өзін қалай қорғау керек екенін түсінуге көмектеседі. Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана біз қайғылы оқиғалардың санын азайтып, өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын сақтай аламыз.
Құрметті ата-аналар, балаларыңызды сақтаңыздар! Бұл жаз - қуаныш пен шаттық кезеңі ғана емес, қауіпсіздікке мән беретін уақыт болсын. Балалар өздерінің бақытты жазғы күндерін қорқынышсыз әрі уайымсыз өткізіп, әр сәттен шын ләззат ала алуы үшін - оларға қауіпсіз орта қалыптастырайық!
Алматы облысының бас штаттан тыс педиатры Назым Серікқызы Байғабылова
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
21:42
13 июня
21:17
13 июня
Новые туристические маршруты и инвестиции: Казахстан и Китай на пути к стратегическому партнерству
Сотрудничество
20:02
13 июня
19:34
13 июня
18:36
13 июня
17:50
13 июня
17:30
13 июня
ТОП новости
В инженерно-саперной бригаде Конаевского гарнизона солдаты приняли присягу
Конаевский гарнизон
Спецтема
Объявления
16:46, 7 июня
live comments feed...
Комментарии