• Главная
  • Жастарға керегі - заң мен тәртіп
16:29, Вчера
Надежный источник

Жастарға керегі - заң мен тәртіп

Жастарға керегі - заң мен тәртіп, фото-1

Мемлекет басшысы өткен жылғы халыққа жолдауында елді "Заң мен тәртіп" қағидатын біржола орныққан, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруға шақырды. Өз сөзінде азаматтары, әсіресе жастары мәдениетті, жаңашыл ұлттың ұпайы түгелдігін баса айтты.

Президент үндеуі аясында Алматы облысы жастарымен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында бірқатар жұмыс атқарылды.

Биыл "Заң мен тәртіп үстемдігі – тұрақтылықтың кепілі" тақырыбында 20-дан астам кездесу ұйымдастырылып, 1000-ға жуық жас қамтылды. Бұл шара елдің болашағына кесел келтіретін нашақорлық, есірткі саудасына қарсы күресті күшейтті. Вандализм, луномания сынды теріс әрекеттерден сақтауда маңыздылығы зор болды, - дейді ұйымдастырушылар.

Жастарға керегі - заң мен тәртіп, фото-2

"Бұл жұмыстар жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мен қоғамдық тәртіптің, азаматтардың заңдарды сақтау маңыздылығын түсінуге бағытталған. Сыбайлас жемқорлық пен заңсыз әрекеттерге теріс көзқарас қалыптастыру мақсатында нәтижелі кездесулер өткізілді.

Онда осы бағытта жастарға терең ой салатын сала майталмандары шақырылды. Мұндағы мақсат - жастардың ережеге бағынып, тәртіпті болуға бағыттау. Олар өркениетті ел болуға кедергі жасайтын жағымсыз әрекеттерден арылуы керек", - дейді Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Шыңғыс Мұқашев.

Басқосулар аймақтың түкпір-түкпірінде ұйымдастырылды. Онда Полиция департаменті, прокуратура, антикор қызметкерлері, сала ардагерлері шақырылды.

Жастармен сұхбатында өз ісінің кәсіби мамандары тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларды кез келген заңсыздықтан сақтануға шақырды. Заң бұзушылыққа төтеп беретін мықты иммунитет қалыптастыру жолдарын да түсіндірді.

Жастарға керегі - заң мен тәртіп, фото-3

"Заңға деген құрмет адал азаматқа тән қасиеттердің бірі. Бұл салада талай жыл еңбек сіңірдік. Ел арасында іріткі салатын, қоғамға қауіп төндіретін құқықбұзушылық әрекеттерге тосқауыл қою қажет. Ол үшін аға буын тәрбиесі аса маңызды. Әрбір заңға қайшы жағдайлардың салдары, жазасы болады. Мұны жастар ұғынуы қажет. Өйткені, оның азаматтардың келешегіне ғана емес, ұлттың тағдырына тікелей әсері бар", - дейді полиция ардагерлерінің төрағасы Қалижан Алпысбаев.

Заң мен тәртіп аясындағы жиындарға Алматы облыстық прокуратурасының ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіберік Әділбеков, облыс прокурорының көмекшісі-бөлім бастығы Алмас Жалгасов қатысып, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департамент басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Тіленшин, Полиция департаменті және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Жанар Көптілеуова сынды білікті мамандар шақыртылды.

Олар жастармен еркін форматта тілдесіп, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға үлесін қосты.

Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...