
12:26, 30 июня
Надежный источник
Алматы облысында "Жастарды қолдау" кеңесінің көшпелі отырысы өтті

Биылғы оқу жылында Еңбекшіқізаққа қарасты Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі студенттері үшін жаңа жатақханаға қолданысқа беріледі.
200 орындық нысан құрылысы "AMANAT" партиясы облыстық филиалы жанындағы "Жастарды қолдау" жөніндегі кеңеске таныстырылды. Қоғам белсенділерінен құрылған арнайы топ ғимараттың сапасын тексеріп,кем-кетік тұстарына ескертпелер берді.
Жоспарға сәйкес, ғимарат 31 шілдеде ел игілігіне тапсырылуы тиіс. Жиылғандар жобаның уақытынан кешіктірілмеуін тапсырды.
"Партияның сайлауалды бағдарламасындағы жастар үшін мүмкіндіктер тармағы "Сапалы білім алу үшін жағдай жасау" бағытына сәйкес, көшпелі отырыста Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі құрылысының сапасын тексердік. Қоғам белсенділері кемшіліктерді анықтап, тиісті нұсқаулар берді.
Бұл көшпелі отырыстың мақсаты жастарға сапалы білім мен жұмыспен қамту бағытындағы жобалардың жүзеге асырлуын қадағалау. Алда бұл жұмыстар жалғасын табады", - дейді "Жастар рухы" жастар қанаты алматы облыстық филиалының төрағасы Медет Бекбергенов.

Кеңестің көшпелі отырысында партияның "Халықпен бірге!" сайлауалды бағдарламасының жастарға арналған бағыттарын іске асырылу барысы талқыланды.
Құжатқа сәйкес биыл "Жасыл Ел" еңбек жасақтарының санын 1365 адамды жұмыспен қамту көзделген. Кездесуде олардың 2025 жылға арналған жұмыс жоспары құрылды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
12:40
Сельхозперепись: онлайн-этап продлен до 20 сентября
Сельхозперепись
11:25
12:45
Вчера
18:59
30 августа
18:47
30 августа
Социальная поддержка, новые школы и индустриальные проекты – итоги рабочей поездки акима области
Алматинская область
17:53
30 августа
ТОП новости
Акция "Дорога в школу": сотрудники ДУИС поддержали семью с тремя детьми
Акция "Дорога в школу"
Спецтема
Комментарии