
19:47, Сегодня
Надежный источник
Еліміздің 100 жасы Қонаевта өткен "OILAN" форумында бас қосты
Ауқымды форум Қонаев қаласындағы "Балдаурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығында өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 100 жас қатысып, нашақорлықтың алдын алуға бағытталған шараның куәсі болды.
"Бұл іс-шара — жастардың есірткіге қарсы саналы көзқарасын қалыптастыруға және олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды алаң болды. Жас буынның бойында жаман әдеттерге қарсы иммунитетті қалыптастыруда мұндай форумдардың берері мол. Кезекті шарамызда біз көздегенімізге жеттік. Мұны қатысушылардың белсенділігінен байқадық", - дейді облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Мерей Әубәкір.

Форумның басты мақсаты — жастарға тек ақпарат беру ғана емес, оларды белсенді азаматтық ұстанымға, жауапкершілікке және салауатты өмірге бейімдеу. Шараға қатысушылар мотивациялық сөздер тыңдап, өзара тәжірибе алмасып, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды.
Форумға Бастапқы психикалық денсаулық орталығының меңгерушісі Назым Сейтказинова, Психологиялық лаборатория меңгерушісі Мөлдір Әміртай, Есірткіге қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі Ауез Раймбеков сынды білікті мамандар шақырылып, тағылымды әңгіме өрбітті.

Олар жастармен өз салаларындағы тәжірибелерімен бөлісіп, есірткіге қарсы күрестегі жаңа тәсілдер, профилактика жолдары мен психологиялық қолдаудың маңыздылығы жөнінде ой қозғады.
Форум барысында жастар белсенділік танытып, пікір білдіріп, салауатты таңдау жасаудың маңыздылығы туралы ойларымен бөлісті.
Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
19:58
Десантники Конаевского гарнизона успешно провели 80-километровый марш
Конаевский гарнизон
19:32
14:51
13:32
Вклады физлиц: какие банки предлагают лучшие ставки на сегодня
Банковские вклады
11:49
Спецтема
Объявления
19:33, 21 июня
live comments feed...
Комментарии