
13:23, Вчера
Надежный источник
Алматы облысында 1 млрд теңгеге жуық қаржыға жоғары технологиялық көмек көрсетілді
Алматы облысында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен күн сайын жоғары технологиялық операциялар жасалады, әрі мұндай бір операцияның құны 5,7 млн теңгені құрайды.
Барлығы ЖТМК-ге жыл басынан 129 пациент 738,4 млн теңгеге ем алған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте филиал директоры Тілеухан Әбілдаев айтты.
Сөзінше, 2025 жылы Алматы облысының денсаулық сақтау бюджеті 134,7 млрд теңгені құрады, оның ішінде: 58,4 млрд теңге – МӘМС-ке, 76,3 млрд теңге –ТМККК-ге. Шығындардың басым бөлігі - стационарлық медициналық көмек көрсету шығындарына тиесілі. Олардың үлесі 17,2 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 0,4 млрд теңге күндізгі стационарлардың қызметі.
"Жыл басынан облыс тұрғындарына 914 млн теңгеге жоғары технологияларды қолдану арқылы 158 операция жасалды. Айтарлықтай қаржыландыру кардиохирургиялық операцияларға бағытталады – биыл сомасы 53,3 млн теңгеге 12 операция жүргізілді (орташа алғанда бір операцияның құны – 4,4 млн теңге). Нейрохирургиялық операцияларға келсек, сомасы 319,4 млн теңгеге 57 ота жасалды (орташа алғанда бір операцияның құны – 5,3 млн теңге). ЛОР операциялары бойынша - электромагниттік есту аппараттарын имплантациялау бойынша жалпы сомасы 70,8 млн теңгеге 9 операция жасалды", - дейді Тілеухан Шілдебайұлы.

Тізе және жамбас буындарын ауыстыру оталары да халық арасында жоғары сұранысқа ие. Мәселен, 2025 жылы облыстың дәрігерлері жалпы құны 56,2 млн теңгеге осындай 26 ота жасаған.
Құрамына қымбат тұратын диагностика түрлері, бейінді мамандардың консультациялары, сондай-ақ зертханалық талдаулар кіретін КДҚ жоғары сұранысқа ие. Атап айтқанда, есептік кезең ішінде сомасы 304,1 млн теңгеге 22 242 компьютерлік томография қызметтері және сомасы 327,5 млн теңгеге 21 209 магниттік-томография қызметтері көрсетілді. Сонымен қатар стоматологиялық қызметтер саны да артып келеді: 1,4 млрд теңгеге 218,5 мың қызмет қамтылған.
Жалпы алғанда облыстың 793,5 мыңға жуық тұрғыны сомасы 16,9 млрд теңгенің 5,8 млн МСАК-та КДҚ қызметтерін алды.
Медициналық оңалту қызметтеріне де сұраныс артуда – көрсетілген кезең ішінде сомасы 540,6 млн теңгеге қызмет көрсетілген.
ӘМСҚ КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Военная полиция провела профилактическое мероприятие в Конаевском гарнизоне
Конаевский гарнизон
11:28
13:33
21 июля
11:38
21 июля
Развитие регионов: аким Алматинской области оценил ключевые проекты на местах
Алматинская область
17:03
20 июля
ТОП новости
Спецтема
Объявления
07:09, 10 июля
live comments feed...
Комментарии