• Главная
  • МӘМС жүйесіндегі өзгерістер: Халық нені білуі тиіс?
10:44, Вчера
Надежный источник

МӘМС жүйесіндегі өзгерістер: Халық нені білуі тиіс?

МӘМС жүйесіндегі өзгерістер: Халық нені білуі тиіс?, фото-1

Жуырда Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіретін, медицина қызметінің сапасын тағы да жақсарта түсетін заңға қол қойды. Осы өзгерістердің жөн-жобасын, оның қарапайым азаматтарға қалай әсер ететіні түсіндірілді.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облыстық филиалы өкілдері халық көп шоғырланған орындарда тұрғындармен кездесу өткізіп, оларға МӘМС заңында енгізілген өзгерістерді түсіндірді.

Жалпы, Алматы облысындағы медициналық мекемелерге 1 630 198 адам тіркелген. Оның ішінде МӘМС жүйесінде "Сақтандырылған" мәртебесі бар азаматтар саны 1 327 179 (81,5%) адамды құрайды. "Сақтандырылмаған" халықтың саны – 303 019 (18,5%). D санатындағы азаматтар - 68 507, ал Е санатындағылар 22 152 – ні құрайды.

МӘМС жүйесіндегі өзгерістер: Халық нені білуі тиіс?, фото-2

"Халықты МӘМС жүйесімен барынша қамтуға мүмкіндік беретін жаңа шаралар қабылданды. Енді жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік әл-ауқат деңгейі бойынша дағдарыстық және шұғыл жағдайдағы (D және E деңгейі) санаттарына жататын азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлейтін болады.Осы шаралардың нәтижесінде елімізде 2026 жылы шамамен 1 миллион адам МӘМС жүйесімен қосымша қамтылмақ.

Сонымен қатар, ресми тіркелген жұмыссыздар үшін де жарналар жергілікті бюджет есебінен төленетін болады. Бұл өз кезегінде халықты жұмыспен қамту мәселелерінде әкімдіктердің жауапкершілігін арттырады. Өңірлер жұмыс орындарын құруға, кедейлікті азайтуға және халықты жұмыспен қамту бойынша белсенді шаралар қабылдауға ынталы болады", - деді кездесуде филиалдың бөлім басшысы Әкімбек Саурықбаев.

Мамандар тұрғындарға жарналардың мөлшері, пациент құқығы, МӘМС мүмкіндіктеріне қатысты толық ақпарат берді. Мұнымен қоса ақпарат жазылған материалдар таратты. Тұрғындар тарапынан түскен сұрақтарға жауап берді. Мұндай кездесулер базарларда, сауда үйлерінде, көшелерде де өткізілді.

ӘМСҚ КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...