
14:41, 9 августа
Надежный источник
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының офтальмологтары Ақтау тұрғынының көру қабілетін қалпына келтірді

Ақтау қаласының тұрғыны кенеттен көзінің көруін жоғалтты — көз алды қарауытып, мүлдем көрмей қалды. Дәрігерлер оған көру жүйкесі невриті деген қауіпті диагноз қойды.
Бұл – дер кезінде емделмесе, толық соқырлыққа әкелетін ауру. Мамандардың кеңесімен ол шұғыл түрде Алматыға ұшып келіп, Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтына жүгінді.
Институт мамандары науқастың жағдайы күрделеніп бара жатқанын байқап, тез арада ауруханаға жатуды ұсынды. Осылайша ол Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілді. Офтальмология бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Айжан МАҒАЗОВА науқасты ауруханаға жатқызып, қажетті ем-домды жүргізді.

Операция Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін жүргізілді.
Ем қабылдағаннан кейін жетінші күні-ақ науқастың көру қабілеті жақсара бастады. Жағдайы тұрақтанғаннан кейін ол үйіне шығарылды.
Дәрігерлердің кәсібилігі мен дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында күрделі асқынулардың алдын алып, көру қабілетін сақтап қалу мүмкін болды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
В Алматинской области стартовал международный турнир по греко-римской борьбе, посвященный олимпийцам Казахстана и Кыргызстана
Греко-римская борьба
13:58
Вчера
Жители Илийского района задали более 40 вопросов акиму Алматинской области
Алматинская область
09:03
Вчера
16:37
17 октября
В Десантно-штурмовой бригаде Конаевского гарнизона стартовал перевод техники на зимний период эксплуатации
Конаевский гарнизон
16:25
17 октября
12:34
17 октября
Спецтема
Объявления
16:29, 8 октября
Комментарии