• Главная
  • Қонаевтағы туризм: 1 млрд теңгеден астам сомаға қызмет көрсетілді
15:40, Сегодня
Надежный источник

Қонаевтағы туризм: 1 млрд теңгеден астам сомаға қызмет көрсетілді

Қонаев қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі шомылу маусымының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Qonaev-gorod   Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, биыл Қапшағай су қоймасының жағалауына 1,8 млн демалушы келді. Қаладағы 140-тан астам туристік нысан жыл басынан 1 млрд 200 млн теңгеден астам сомаға қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 100 млн теңгеге артық. 

"2025 жылы былтырдан қарағанда демалушылардың саны 300 мыңға өсті. Мұның себебі "ASP Арена" аумағында түрлі концерттер, іс-шаралардың ұйымдастырылуы, ашық суда жүзуден жарыстың өтуі, апта сайын "Aspan fest" фестивалінің ұйымдастырылуы болды. Бұдан бөлек, №5 жағажайдың жаңғыртылып, абаттандырылуы да демалушылар санының артуына айтарлықтай әсер етті. Бұл жағажайға демалыс күндері 5000-ға жуық адам келді", - деді бөлім басшысының м.а. Айдын Әбілқасым.  

Сондай-ақ ол қауіпсіздік шараларына да ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. ТЖД-ның 73 маманы судағы қауіпсіздікті, полицияның 12 қызметкері қоғамдық тәртіпті қадағалап отырды, күнделікті рейдтік шаралар жүргізілді. 

Қонаевтағы туризм: 1 млрд теңгеден астам сомаға қызмет көрсетілді, фото-1

"Баршаңызға мәлім, қалада 8 коммуналдық жағажай болса, оның ішінде №5, 6, 7-ші жағажайларға келушілер көп. Әрқайсында медпункттер, санитарлық аймақтар, құтқарушылардың жұмысы ұйымдастырылды", - деді маман.

Жағажайдан басқа, Қонаев қаласының аумағында "Көшпенділер қалашығы", тарихтан сыр шертетін "Таңбалы тас" шатқалы орналасқан. Бұл нысандардың да халық арасында танымалдылығы жоғары болып отыр. Мысалы, алғашқы туристік аймақ айына 300-500 адамды қабылдауда. Ал "Таңбалы тасты" көруге 4000-ға жуық турист келген. 

"Көшпенділер қалашығы» шығармашылық топтары үшін де танымал нысан. Биыл мұнда екі түрлі жанрда кино, "Жібек жолы" арнасында көрсетілетін бірегей бағдарлама түсірілді", - деді Айдын Әбілқасым.

Алдағы жоспар

Биыл №6 жағажайды абаттандыру жұмыстары басталады деп көзделуде. Қаладағы жалпы ұзындығы 6,1 шақырым (1 км астамы қолданыста) болатын жағажай жаңғыртылады. 

"Көшпенділер" қалашығын туристік бағытта заманауи үлгіде дамыту үшін жобалар қарастырылуда.

 Сонымен қатар шаһарда 11 инвестжоба жүзеге асады деп жоспарлануда. Тартылатын инвестиция көлемі – 306,4 млрд теңге.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления