• Главная
  • 40 жылда алғаш рет тіркелген: Алматы облысында сирек кездесетін ішек ауруына бірегей ота жасалды
16:41, 1 октября
Надежный источник

40 жылда алғаш рет тіркелген: Алматы облысында сирек кездесетін ішек ауруына бірегей ота жасалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханаға 1983 жылы туған науқас әйел ішінің қатты кебуі, іштің барлық бөлігінде ауырсыну, сондай-ақ үлкен дәрет пен газдың тоқтауы сияқты шағымдармен түсті.

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына ауыр хәлде келген науқасқа тоқ ішектің түзілісіне байланысты жедел тоқ ішек өткізгіштігінің бітелуі диагнозы қойылған.

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдай ересектер арасында өте сирек кездеседі. Тіпті, аурухана дәрігерлерінің 40 жылдық тәжірибесінде алғаш рет осындай жағдай тіркелді.

"Науқас өте ауыр хәлде түсті. Біз уақыттың санаулы екенін түсіндік. Консилиумнан кейін шұғыл ота жасау туралы шешім қабылданды", – деді дәрігер-хирург Халық Түктібаев.

40 жылда алғаш рет тіркелген: Алматы облысында сирек кездесетін ішек ауруына бірегей ота жасалды, фото-1

Хирургтер лапаротомия, тоқ ішек өткізгіштігінің бітелуін жою, колотомия, тоқ ішек түзілісін алып тастау, құрсақ қуысын санациялау және дренаждау отасын жасады.

"Отадағы қиындық аурудың тез өршуінде болды. Дегенмен хирургтер, анестезиологтар және бүкіл медициналық персоналдың үйлесімді жұмысының арқасында өткізгіштікті қалпына келтіріп, науқастың өмірін сақтап қалдық", – деп қосты хирург.

Ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында жүргізілді, бұл науқасқа жоғары білікті көмекті тегін алуға мүмкіндік берді.Қазіргі уақытта науқас әйел отадан кейінгі кезеңде мамандардың бақылауында ем қабылдауда.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Последние новости
Объявления