
16:57, Вчера
Надежный источник
Жастардың жанашырлығы: Алматы облысында донорлық шара ұйымдастырылды

Кезекті шара Алатау қаласы Қоянқұс ауылдық округінің амбулаториясында өтті. Алматы облыстық қан орталығының білікті мамандары арнайы келіп, ерікті донорлардан қан қабылдады. Бұл - өмірді сақтап қалуға бағытталған маңызды қадам болды.
"Жақсылық жасау - әркімнің қолынан келеді. Мен бүгін өзгенің өмірін құтқаруға өз үлесімді қосқанымды сезіндім. Өйткені, сіздің бір тамшы қаныңыз – біреуді аман алып қалуға мүмкіндік болуы мүмкін. Барша жасты жақсылықты бірге жасауға шақырамын. Бұл өте керемет сезім", - дейді акцияға қатысқан белсенді жас Асемай Қадірова.
Қан тапсыру арқылы қатысушылар мейірімділік пен адамгершіліктің айқын көрінісін көрсетті. Әрбір донор – біреуге жаңа өмір сыйлаушы екенін ұғынды. Жалпы облыстың 30-дан астам жасы акцияға қатысып, қан тапсырды.
"Қан тапсыру – әр азаматтың қолынан келетін қарапайым, бірақ маңызы мен құндылығы зор игі іс. Күн санап мұндай бастаманы қолдап, донор болуға ниетті жастар саны артып келеді. Қоғамда жанашыр жастардың көбейгені - қуантарлық жағдай. Барша жастарды осындай сауапты істерден шет қалмауға шақырамын", - дейді шара ұйымдастырушысы облыстық Жастар ресурстық орталығының маманы Меруерт Рысбекова.
Маңызды процедурадан кейін қатысушыларды көпшілік қошеметпен қарсы алды. Құрметке бөленген донорлар ұйымдастырушылар тарапынан сертификаттар мен шағын сыйлықтарға ие болды.
Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
22:19
Вчера
18:01
Вчера
В Алматинской области открыт памятник Нургисе Тлендиеву в честь 100-летия композитора
Открытие памятника
17:18
Вчера
17:03
Вчера
11:41
Вчера
От контроля здоровья до уборки дома: Xiaomi представила полный набор умных решений.
Новости компаний
10:58
Вчера
ТОП новости
Спецтема
Комментарии