• Главная
  • 2025 жылдың 5 айындағы мектеп оқушыларын медициналық тексеру нәтижелері
09:56, Вчера
Надежный источник

2025 жылдың 5 айындағы мектеп оқушыларын медициналық тексеру нәтижелері

Алматы облысында мектеп оқушыларының профилактикалық медициналық тексерулері жалғасуда.

2025 жылдың 5 айында медициналық тексеруден өтуге тиіс 509 398 баланың ішінен 129 807 оқушы (21,8%) қамтылды.

Тексеру нәтижелері бойынша:

  • 16 882 ауру дерегі анықталды (тексерілгендердің 13,6%-ы);
  • 4 596 бала (анықталған аурулардың 27,2%-ы) динамикалық бақылауға алынды.

Аурушаңдық құрылымы:

  • ас қорыту жүйесінің аурулары – 24,83% (оның ішінде кариес – 16,95%);
  • қан және қан түзу мүшелерінің аурулары – 20,41%;
  • тыныс алу жүйесінің аурулары – 12,76%.

Балалардың денсаулық топтары бойынша бөлінісі:

  • I топ (дені сау) – 92 627 бала (71,36%);
  • II топ (шағын ауытқулар) – 15 329 бала (11,81%);
  • III топ (айқын ауытқулар) – 1 906 бала (1,47%);
  • IV топ (ауыр аурулар) – 4 бала (0,001%).

Сауықтыру шаралары:

  • Балаларды сауықтыруға жіберудің орташа облыстық көрсеткіші – 96,2%;
  • Нақты сауықтырылғандар саны – 13 968 бала (94,2%);
  • Сауықтыру түрлері: амбулаториялық – 97,1%, стационарлық – 1,4%, санаторий-курорттық – 1,5%.

Мектеп оқушыларын профилактикалық медициналық тексеру - балалар денсаулығын ерте анықтауға және алдын алу шараларын күшейтуге мүмкіндік береді.

Бұл жұмыс өңірдегі мектеп медицинасын дамыту мен салауатты ұрпақ қалыптастыруға бағытталған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Спецтема
Рубрика "Здоровье в фокусе" организована в партнерстве с Департаментом санитарно-эпидемиологического контроля Алматинской области. Здесь вы найдете актуальные темы о физическом и психическом благополучии, питании, информацию о различных заболеваниях, а также статьи о профилактике болезней, пользе вакцинации и методах поддержания здоровья.

Комментарии

Объявления