• Главная
  • Күзгі дала жұмыстары: Шеңгелдіде 25 мың тоннадан астам өнім жиналды
Шеңгелді
15:47, Сегодня
Надежный источник

Күзгі дала жұмыстары: Шеңгелдіде 25 мың тоннадан астам өнім жиналды

Шеңгелді
Күзгі дала жұмыстары: Шеңгелдіде 25 мың тоннадан астам өнім жиналды, фото-1, Фото: из открытых источников

Фото: из открытых источников

Қонаев қаласында ауыл шаруашылығы саласы биыл айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуде. Бұл туралы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асқар Ибраимов айтты.

Алдымен ол жалпы өнім көлеміне тоқталып өтті. Сөзінше, жыл басынан бері бұл көрсеткіш 13,5 млрд теңгені құраған.

"Шеңгелді ауылдық округінде егістік алқабының жалпы көлемі 14 812 гектарды құрайды. Соның ішінде көктемгі дала жұмыстары аясында 11 769 гектар жер игерілді. Өнім алу бойынша 2024 жылмен салыстырғанда барлық салада өсім бар", - деді ол.

Қазіргі таңда күзгі өнім жинау қарқынды жүргізілуде:

  • бидай – 210 гектардан 315 тонна өнім жиналды (өнімділік 11%-ға артты),
  • арпа – 2 157 гектардан 3 127 тонна өнім алынды (өсім 7,3%),
  • картоп – 120 гектардан 3 360 тонна өнім жиналды (өсім 12%),
  • пияз – 350 гектардан 14 мың тонна өнім алынды (өсім 4,7%),
  • бақша дақылдары – 256 гектардан 4 430 тонна өнім алынды.

"Шаруалар 250 тонна субсидияланған дизель отынын алды. Одан бөлек, 263,4 млн теңгеге 10 жаңа ауыл шаруашылығы техникасын (SEMAZ, Massey Ferguson, Беларусь тракторлары) сатып алынды. Сондай-ақ биыл 1 331 тонна минералды тыңайтқыш пайдаланылып, 819 тонна тұқым себілді. Ал 2026 жылғы егіс маусымына арналған 1 058 тонна тұқым қоры дайындалуда", - деді Асқар Ибраимов.

Сонымен қатар ол мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы жайында атап өтті.

"Аграрлық секторды қолдау мақсатында өңір шаруашылықтары "Кең дала 2" бағдарламасы аясында жеңілдетілген несиелер алып отыр. Мысалы, "Марьям" шаруа қожалығы 288 гектар жерге егін егу үшін 40 млн теңге несие алды, ал "Ақбидай" ЖШС 17,5 млн теңге несие алуға өтінім берді. 2026 жылы тағы 5 шаруашылықты қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр", - деді бөлім басшысы.

"Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша 13 жеке үміткер мен 1 кооператив жалпы сомасы 124 млн теңге болатын өтінім тапсырған.

Екі жеке үміткер 15,5 млн теңгеге несие алды. Қалған өтінімдер "Қонаев" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында қаралуда.

Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления