
19:56, Сегодня
Надежный источник
"Қызғылт қазан" марафонына 150-ге жуық әйел қатысты
Қонаевта сүт безі қатерлі ісігіне қарсы айлық аясында "Қызғылт қазан" марафоны өтті.
Оған 150-ге жуық әйел қатысты. Марафоншылар түрлі жас категориялары бойынша сынға түсті. Сондай-ақ қаланың белсенді жасы 50-ден асқан тұрғындары скандинавиялық жүріс бойынша жарысты.

Марафоншылар Жамбыл көшесіндегі аллея арқылы жағажайға дейінгі және қайтар бағыттағы жолды еңсерді.
"Қоғамда әйелдердің орны бөлек. Нәзік жандыларсыз біздің өмірді елестету мүмкін емес. "Қызғылт қазан" айы сіздердің денсаулықтарыңызға, қатерлі ісіктің алдын алуға бағытталған ай. Тәні саудың – жаны сау. Сол себепті үнемі дәрігерлерге тексеріліп жүруге кеңес береміз. Марафонда баршаңызға сәттілік тілеймін!", – деді қала әкімінің орынбасары Төлеген Кенжебеков ашылу салтанатында.

Ал қалалық көпсалалы аурухана директорының орынбасары Айсұлу Оңғарова сүт безі қатерлі ісігі жайлы деректерге тоқталып өтті.
"Қызғылт қазан" – тек акция емес, бұл ауру туралы ақпараттандыру, қолдау мен әйелдер өмірін өзгертуге көмек көрсету айы. Егер обырды дер кезінде анықтаса, 90% жағдайда емделіп кетуге мүмкіндік бар. Маммологқа тексеріліп, УДЗ-дан жыл сайын өтіп тұрыңыздар. Бүгінгі марафон денсаулыққа ұмтылу мен тек алға бағыт алудың нышаны болсын! Бақыт, шаттық, табыс!", – деді ол.

Жарыс нәтижесінде жеңімпаз атанғандарға бағалы сыйлықтар, медальдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
"30 жасқа дейінгілердің арасында 1-орынды иелендім. Жарыс өтетіні туралы естіген сәттен-ақ қатысуға бел будым. Ұйымдастырушыларға рақмет! Қаламыздың әйелдері аман болсын! Марафон жоғары деңгейде өтті", – деді Аделина есімді қатысушы пікірін білдіріп.

Сонымен қатар жылжымалы медициналық кешенде 65 әйел маммография мен УДЗ-дан тегін өтті.
Қонаев қаласының әкімдігі марафонның өтуіне демеушілік көрсетіп, серіктес болған кәсіпкерлерге алғысын білдіреді.
Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Жители Илийского района задали более 40 вопросов акиму Алматинской области
Алматинская область
09:03
16:37
Вчера
В Десантно-штурмовой бригаде Конаевского гарнизона стартовал перевод техники на зимний период эксплуатации
Конаевский гарнизон
16:25
Вчера
12:34
Вчера
Спецтема
Объявления
Комментарии