
16:19, Вчера
Надежный источник
Науқас қайта естиді: Алматы облысында сәтті құлақ отасы жасалды

1962 жылы туған науқас Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына сол жақ құлағынан жиі ірің ағуы және естуінің төмендеуі жөнінде шағыммен жүгінген. Осындай ауру белгілері оны көптеген жылдар бойы мазалап келген.
Жүргізілген тексеруден кейін науқаста II дәрежелі аралас есту қабілетінің төмендеуі және сол жақ құлақтың дабыл жарғағында перфорация (тесік) бар екені анықталды.
Оториноларингология бөлімінің мамандары дабыл қуысын тексеру арқылы тимпанопластика жасау туралы шешім қабылдады - бұл ота дабыл жарғағының тұтастығын қалпына келтіруге және есту қабілетін жақсартуға бағытталған. Ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) аясында жасалды.
"Операцияға дейінгі аудиограммада сол жақтағы естудің айқын төмендегенін көреміз. Тимпанопластикадан кейін дабыл жарғағы қалпына келтіріліп, есту көрсеткіштері дерлік қалыпқа келді. Науқас отадан кейінгі алғашқы апталарда-ақ естуінің айтарлықтай жақсарғанын атап өтті", - дейді оториноларингология бөлімінің меңгерушісі Асель Иманғалиева.
Операцияға дейінгі және кейінгі салыстырмалы аудиограммалар нәтижені айқын көрсетеді: сол жақ есту деңгейі 52 дБ-ден 22 дБ-ге дейін жақсарған, бұл жасалған емнің тиімділігін дәлелдейді.
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында қолданылатын заманауи әдістер созылмалы құлақ ауруларымен ауыратын науқастарға толыққанды есту қабілетін және өмір сапасын қайтаруға мүмкіндік береді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
16:49
Вчера
16:29
Вчера
Аким Алматинской области посетил предприятия и стройплощадки Енбекшиказахского района
Рабочая поездка
11:16
Вчера
19:57
10 ноября
17:27
10 ноября
17:13
10 ноября
Спецтема
Объявления
Комментарии